Қазақстанға тауарларды бажсыз әкелу шегі жеке тұлғалар үшін тағы алты айға ұзартылды

cover Сурет ашық дереккөзден

Жеке тұлғалар үшін Қазақстанға тауарларды бажсыз әкелу шегі тағы алты айға ұзартылды, деп хабарлайды Orda.kz.

«Ресей жағының бастамасымен жеке тұлғалар үшін тауарларды бажсыз әкелу шегі тағы алты айға ұзартылды» деп хабарлайды Еуразиялық экономикалық комиссия.


Осылайша, 2024 жылдың 1 сәуіріне дейін жеке тұлғалар үшін тауарларды бажсыз әкелу шегі 1000 еуро және тасымалдаушы немесе пошта жөнелтілімдерімен тасымалданатын, әуеден басқа көліктің барлық түрлерімен жүк ретінде әкелінетін тауарлар үшін 31 кг болады.

Егер тауардың құны осы сомадан асса немесе оның салмағы 31 кг-нан асса, сізге мына көлемде баж салығын төлеу қажет:

– тасымалдаушы немесе пошта арқылы тасымалданатын жүктер үшін – құнның 15%, бірақ артығымен есептегенде 1 кг үшін 2 еуродан кем емес;

– жүк ретінде әкелінетін тауарлар үшін – құнының 30%, бірақ 1 кг үшін 4 еуродан кем емес.

«Шетелдік интернет-дүкендерден жеке тұтыну тауарларына тапсырыс берген азаматтарды қолдау үшін шекті мән 2022 жылы уақытша көтерілді. Наурызда оның әрекет ету мерзімі биылғы жылдың 1 қазанына дейін ұзартылды. Бұрын тасымалдаушы немесе пошта арқылы тасымалданатын тауарлар үшін шекті мән 200 еуро, әуе немесе жаяу көліктен басқа көліктің барлық түрлерімен жүк ретінде әкелінетін тауарлар үшін 500 еуро болған» деп еске салды Еуразиялық экономикалық комиссия.


Ұшақпен бажсыз әкелу шегі 10 мың еуро және 50 кг болып қалады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар