Қазақстанға қарсы арандату ұйымдастырған: Лондонда ресейлік шпиондар сотталды
Фото: pixabay
Лондонның Орталық қылмыстық соты Ресейге шпионаж жасады және халықаралық арандатушылықтарды ұйымдастырды деп айыпталған Болгария азаматтарын кінәлі деп таныды, оның ішінде Қазақстанға қарсы арандатулар да болған, деп хабарлайды Orda.kz.
Bloomberg-тің жазуынша, сот Катрин Иванова, Ваня Габерова және Тихомир Иванчеваны Ресейдің барлау қызметі үшін маңызды ақпаратты заңсыз жинағаны үшін кінәлі деп таныды. Топ мүшелері 2020-2023 жылдары Ресейге шпионаж жасады. Тағы үш сыбайласы — Орлин Русев, Бисер Джамбазов және Иван Стоянов — бұрын шпионаж жасағандарын мойындаған болатын.
Процесс үш айға созылды. Сот Болгария азаматтары Ұлыбритания мен Еуропада «күрделі барлау операцияларын» жүргізу үшін тұтас бір желі құрғанын анықтады. Топ мүшелерін Ян Марсалек біріктірген — ол бұған дейін дауға қалған және банкрот болған Wirecard төлем жүйесінің бас операциондық директоры болған. Сол Марсалек шпиондардың әрекеттерін үйлестіріп, Ресейдің барлау қызметімен байланыс орнатқан. Марсалекті ұстау мүмкін болмады — қазір оның қайда екені белгісіз.
Сотталғандардың ұйымдастырмақ болған операцияларының арасында Қазақстанға қарсы арандатулар да бар. Өткен жылдың қарашасында белгілі болғандай, топ Ұлыбританиядағы Қазақстан елшілігі алдында жалған наразылық акциясын ұйымдастыруды жоспарлаған, сондай-ақ Атырау облысының бұрынғы әкімі, 71 миллиард теңге жымқыру ісі бойынша күдікке ілінген Бергей Рысқалиевқа қастандық жасауға ниеттенген.
«Марсалек Ивановаға, Габерова мен Иванчевқа Лондонда бұрынғы Қазақстандық саясаткердің артынан бақылау жүргізу үшін күніне үш мың фунт жұмсауға рұқсат берген» деп жазады Bloomberg.
Шпиондық топқа Марсалек бөлген жалпы бюджет шамамен 45 мың фунт (қазіргі валюта бағамымен 28,5 миллион теңгеден астам) болды. Дегенмен, сотталғандар Қазақстанға қарсы арандатуларды ұйымдастыруға кіріспеді.
Жаңалықтар
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?