Қазақстандықтар наурызда қосымша тағы бір күн демалады

cover Фото: freepik.com

Наурыз айында Қазақстан тұрғындары қосымша демалыс күніне ие болады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz. 

Брифингте вице-министр Конституция күніне орай 15 наурыза демалыс болатынын айтты. 

«Референдум арқылы қабылданған Конституция күшіне енгеннен кейін 15 наурыз ресми мереке және демалыс күні болып жарияланады», — деді Виктория Шегай. 

Айта кетейік, референдумда қабылданған жаңа Конституция 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Конституция мәтінінде референдум күні мемлекеттік мереке ретінде белгіленетіні нақты көрсетілген. Бұған дейін қазақстандықтар ескі Конституция күніне орай 30 тамыз күні демалатын. 

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар