Қазақстан хоккейшілері тарихи жеңіске қол жеткізді

cover Фото: Ашық дереккөзден

Хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жеңіске жетті, деп хабарлайды Orda.kz порталы.

Турнирдегі үшінші ойында команда Чехиямен ойнады. Алғашында қарсыластар екі гол соққанымен, бірінші кезеңнің соңғы минуттарында қазақстандықтар есеп айырмасын қысқарта білді. Ұлттық құрама сапындағы алғашқы голды Роман Большедворский соқты.

Екінші кезеңде жігіттер алдымен есепті теңестіргенімен, кейін Чехия қайтадан алға шықты. Ойын Александр Перкиннің голының арқасында овертаймға ұласты. Қазақстан құрамасына алғашқы жеңісті Мстислав Шипилин әкелді және шешуші гол соқты.

Осылайша қазақ хоккейшілері жастар арасындағы әлем чемпионатының элиталық дивизионында тарихи жеңіске жетті.

Келесі кездесуде топ көшбасшысы Канада құрамасымен кездеседі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар