Қазақстандық гимнастшылар әлем кубогында екі алтын және бір қола медаль жеңіп алды

cover Фото: Қазақстан гимнастика федерациясы

Болгарияда өткен Challenge Cup әлем чемпионатында Қазақстан үш медал: екі алтын және бір қола жеңіп алды, деп хабарлайды Orda.kz.      

Бұл туралы 25 мамырда Қазақстан гимнастика федерациясы хабарлады.

«Варна қаласында өтіп жатқан турнирде ел қазынасы екі алтын және бір қола медальмен толықты. Қазақстан құрамасының көшбасшысы Нариман Құрбанов дүбірлі дода финалында 15,433 ұпай жинап, тағы да үздік атанды» делінген хабарламада.


Айта кетейік, еркін жаттығулар финалында Дмитрий Патанин жеңіс тұғырының ең жоғары сатысына көтерілді (14,033 ұпай). Үздік үштікті тағы бір спортшымыз Асан Сәлімов 13,533 ұпаймен түйіндеді.

Бұған дейін Ташкентте қазақстандық гимнаст Милад Карими спорттық гимнастикадан Азия чемпионы атанған болатын. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар