Қазақстандық есепшілер салық реформасына қарсы Тоқаевқа үндеу жолдады
Фото: Pixabay
Есепшілер мен аудиторлар альянсы Қасым-Жомарт Тоқаевтан салық реформасын қайта қарауды сұрады, деп хабарлайды Orda.kz.
Олардың айтуынша, бұл реформа шағын және орта бизнесті жойып жіберуі мүмкін.
«Біз ҚҚС-тың 15 млн-ға дейін төмендеуіне және мөлшерлемесінің көтерілуіне қатты алаңдап отырмыз. Бұл кәсіпкерлерге ауыр соққы болып, есепшілердің тапшылығына және бизнестердің жаппай жабылуына әкеледі», – деді «Алтын Орда» Халықаралық бизнес-клубының YouTube-арнасында.
Елде 2 млн кәсіпкер және 300 мың есепші бар. ҚҚС-тың төмендеуі жеңілдетілген режимде жұмыс істейтін шағын бизнеске қосымша салық жүктемесін арттыруы мүмкін.
«Бұл жай ғана қиындық емес, бұл – дағдарыс. Егер реформа күшіне енсе, есепші тапшылығы 500 мың адамға жетуі мүмкін. Кім есеп жүргізеді? Кім бұл жүкті өз мойнына алады? Бизнес үшін бұл жағдай қиындық тудыратыны сөзсіз», – деді альянс басшылары.
Есепшілер соңғы 7 жылда салық кодексінің бірнеше рет өзгергенін айтып, мұндай жағдайда ұзақ мерзімді жоспар құру мүмкін емес екенін жеткізді.
«Біз жаңа салық кодексінің бұрынғыдай тұрақсыз емес, ұзақ мерзімді болуын қалаймыз. Бизнеске өзгерістер емес, болжамдылық қажет», – деді олар.
Үндеу авторлары президенттен мыңдаған жұмыс орнын сақтап қалуға мүмкіндік беретін, экономиканы дамытуға көмектесетін нақты шешім қабылдауды сұрады.
Жаңалықтар
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты