Қазақстандық әуе компаниялары Еуропаға шектеусіз ұша алады
Фото: pixabay
Жақында қазақстандық әуе компанияларына Еурокомиссияның қара тізіміне түсіп қалу қаупі төнді, бұл ЕО елдеріне ұшуға тыйым салуды білдіреді.
Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлайды.
Алайда қазір Еуропаға ұшуға барлық шектеулер алынып тасталды. Мұндай шешім Еуропалық Одақтың авиациялық қауіпсіздік комитеті отырысында қабылданды.
«Еурокомиссия Қазақстанның авиациялық қызметіне күшейтілген мониторингті аяқтау туралы шешім қабылдады» делінген ЕК авиация департаментінің директоры Филипп Корнелистің 30 мамырдағы хатында.
Отандық компаниялардың техникалық бағалаудан сәтті өткені хабарланды. Атап айтқанда, еуропалық сарапшылар сертификаттау, бақылау, ұшу жұмысын қадағалау және авиациялық персоналды оқыту жүйесінде айтарлықтай жақсарғанын атап өтті.
Жаңалықтар
- Италияда XIV қысқы Паралимпиада ойындары ашылды
- СІМ шиеленіс жағдайында Таяу Шығысқа саяхатты азайтуды ескертті
- Трамп Иран басшылығын толық ауыстыруды қолдайтынын айтты
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар
- Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жаңа кезеңге өтті: Қазір не белгілі?
- Иран «ұзаққа созылатын соғысқа» толық дайын екенін мәлімдеді
- «Мекенжайын әскерге беремін»: Зеленскийдің сөзі Еуропада жаңа дау туғызды