Қазақстанда жасөспірімдер арасындағы суицид саны артты
Сурет ашық дереккөзден
Қазақстанда 2023 жылдың қаңтар-қазан айларында өз-өзіне қол жұмсағандардың жалпы саны 3,4%-ға өсті. Бұл ретте жасөспірімдер арасындағы суицид 30 пайызға артқан.
Зерттеулер көрсеткендей, суицидтік ойлар ерлерге қарағанда әйелдерде, әсіресе 25 жасқа дейінгілерде жиі кездеседі.
«Он ай ішінде Қазақстанда 169 кәмелетке толмағандар қайтыс болды, олардың 27,8%-ы 5 пен 14 жас аралығындағы балалар, 72,2%-ы 15 пен 17 жас аралығындағы жасөспірімдер. Нақ осы жас санатында аяқталған суицид санының белсенді өсуі байқалады.
Сондай-ақ өз өмірін қимақ болғандар да көбейді. 5 пен 18 жас аралығындағы қазақстандықтардың өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері бір жылда 17,8%-ға өсті: 253-тен 298 жағдайға дейін» деп жазады басылым.
Сонымен қатар, сарапшылардың пікірінше, ер адамдар өз-өзіне қол жұмсаудан жиі қайтыс болады. Биыл қаңтар-қазан айлары аралығында жасөспірімдер арасындағы суицидтің 68 пайызы ер балаларда болған.
«Қыздар арасында өз-өзіне қол жұмсау фактілері екі есе аз: 54 жағдай. Сонымен қатар, қыздардың өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттену ықтималдығы ұлдарға қарағанда әлдеқайда жоғары: 221-ге қарсы 77. Жалпы, суицид гендерлік парадоксы деп аталатын жағдай.
Мысалы, зерттеушілер жынысы бойынша жасалған өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері мен суицид арасындағы айырмашылықты ерлердің өмірін аяқтау үшін радикалды құралдарды қолдануымен байланыстырады» дейді сарапшылар.
Жаңалықтар
- Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді
- Иранның жаңа көшбасшысы үндеуі жасады: Иран кек алмай қоймайды
- 13 наурызда барлық өңірде күн жылы болады
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін