Қазақстанда тарих ойдан шығарылады — Тина Канделаки
Фото: Telegram/ Тина Канделаки
Тина Канделаки Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы әскери ынтымақтастықа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Orda.kz.
6 маусым күні Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы 2025-2026 жылдарға арналған әскери ынтымақтастық жоспары бекітілді.
Екі ел арасындағы келісімге қатысты Тина Канделаки Telegram-арнасында пікірін жариялады. Оның пікірінше, Ресейдің басты қарсыластарының бірі саналатын елмен әскери ынтымақтастық жасалған келісімді Қазақстанның қорғаныс министрілігі барынша жасырғысы келген.
«Жаңалықты ешкім байқамасын десең, оны жұма күні кешке жарияла. Біріншіден, бәрінің ойы демалыста, екіншіден — дүйсенбіге дейін ұмытылып кетуі мүмкін, әсіресе демалыс күндері қызықты бірдеңе болып жатса» деп жазды Канделаки.
Сондай-ақ, ол келісімді жұрттың назарынан тасалау мақсатында жексенбі күні күндіз президент қорғаныс министрін қызметінен босату туралы жарлыққа қол қойғанын айтты.
«Айта кетейік, Қазақстан — ҰҚШҰ-ның мүшесі. Ал бұл әскери ұйым 2021 жылдың қаңтарында Тоқаев мырзаны және оның айналасындағы адамдарды әскери төңкерістен аман алып қалған еді. Венгрия немесе Словакия Еуроодақ саясатына қаншалықты наразы болса да Ресеймен әскери келісім жасаспайтыны түсінікті. Ал Ресеймен достығын жиі айтып жүрген Қазақстан Ұлыбританиямен ынтымақтастық орнатып отыр» деп жазды Канделаки.
«Бәрі осылай бастаған. Соңында қиналып қалған. Бірақ Қазақстанда тарих оқылмайды-ау деймін. Бәлкім, жай ғана ойдан шығарылады».
Еске сала кетейік, тележүргізуші Тина Канделаки өзінің Telegram-арнасында «орыс тілінің ығыстырылуы» туралы жазба жариялаған болатын. Ол Қазақстан билігінің бірнеше теміржол бекеттерінің атауын өзгерткені туралы шешіміне қарсы шықты.
Айта кетейік, осы Тина Канделаки туралы жазба жариялап, «Эй, Йоу, Орыстар» әнін қойып қойған Qaznews24 паблигінің авторы Темірлан Еңсебекке 17 қаңтарда ұлтаралық араздық қоздырды деген айып тағылды.
QazNews24 атты сатира парақшасының авторы Темірлан Еңсебекке сот үкім шығарды. Сот оны 5 жылға бостандығынан шектеу туралы шешім қабылдады.
Жаңалықтар
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?