Қазақстанда педофилдерді химиялық кастрациялау туралы жаңа түзету дайындалып жатыр
Фото: freepik.com
Қазақстанда педофилдерге қатысты химиялық кастрация қолдану жөнінде жаңа түзету әзірленіп жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
«Бостандыққа шығардан алты ай бұрын химиялық кастрация қолдану және жазасын өтеу мерзімі аяқталғанға дейін 12 айдан кешіктірілмей мекеме әкімшілігінің материалдарын сотқа жолдау арқылы сот-медициналық психиатриялық сараптама тағайындау туралы түзету енгізілуде. Бұл сараптама олардың психикалық ауытқулары мен жыныстық зорлыққа бейімділігінің бар-жоғын анықтау үшін қажет» деп жазылған ҚР Денсаулық сақтау министрінің «Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына енгізілетін өзгерістер жобасында.
Айта кетейік, Қазақстанда химиялық кастрация 18 жастан асқан, кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қолсұғушылық жасаған адамдарға қолданылады. Бұл — педофилия үшін сотталған, қамауда отырған немесе босатылуы тиіс адамдарға қатысты шара.
Химиялық кастрация тек сот шешімімен және міндетті сот-психиатриялық сараптамадан кейін ғана жүргізіледі. Сараптама сотталушының психикалық тұрғыда есі дұрыс екенін және оның «педофилия» диагнозы бар екенін растауы тиіс. Бұл — мәжбүрлі медициналық процедура, арнайы антиандрогендік препараттардың жүйелі инъекциясы түрінде жүзеге асырылады. Бұл дәрілер жыныстық құмарлықты басады.
Егер сотталған адамға медициналық қарсы көрсетілімдер болса (мысалы, денсаулық жағдайына байланысты), химиялық кастрацияның орнына психотерапиялық ем мен психиатр дәрігерінің тұрақты бақылауы тағайындалады.
2023 жылы Түркістан облысында 5 жасар қызды зорлап өлтірген ер адамға кастрация жасалатынын хабарлаған болатынбыз. 2021 жылы Шымкентте үш педофилге химиялық кастрация жасалды.
Жаңалықтар
- «Тура биде туған жоқ» немесе «көбелек эффекті»: журналистерді қамау қоғамды қалай құлдыратады?
- ҚазТАГ агенттігінің басшыларына қарсы қылмыстық іс қозғалды
- Бала өртеген 16 жастағы жасөспірімге сот үкім шығарды
- Музыкант Иманбек Зейкенов «Құрмет» орденімен марапатталды
- Қазақстан күрес федерациясын Тұрлыхановтың орнына кім басқарады?
- Атырауда Яна Легкодимованың ісін ашқан тергеушіге жаңа атақ берілді
- Олимпиада жүлдегері Дәулет Шабанбайды әскери қызметкерлерге шабуыл жасады деп айыптап жатыр
- Тоқаев пен Сағынтаев Еуразиялық экономикалық одақтың дамуы жайлы талқылады
- Сәтбаев қаласында қызметкерлерді пышақпен қорқытқан ер адам ұсталды
- Алматыда бірнеше көлік пен жолаушылар автобусы апатқа ұшырады
- Шалқарда құжаты жоқ мектептің ата-аналары президентке үндеу жасады
- Бажкеноваға өзін қорғауға мүмкіндік бермей жатыр — адвокат Мұрат Адам
- Ақтөбе облысында жол апатынан 5 адам көз жұмды
- «Көлік иесі де ажал құшқан»: Ақтөбеде бөтен көлікке мінген 16 жастағы жасөспірімнің денесі көлден табылды
- Санитарлық дәрігердің қаулысы: Астанада тұмау белгілері бар балалар мен ұстаздар сабаққа жіберілмейді
- Ақтаудағы аялдамалардың бірінен ер адамның мәйіті табылды
- Алдағы аптада Алматыда минус 21 градус суық болады
- АҚШ Қарулы Күштері Латын Америкасындағы есірткі картельдеріне әуе шабуылын бастайды
- Берік Уәли онлайн ойынның кейіпкері болады
- Орталық Азияға астық экспорты: Өзбекстанның қамбасы лық толды, Қазақстан жаңа шешім іздеуде