Қазақстанда осы қыс тарихтағы ең жылысы болып тұр

cover Фото: Orda.kz

Синоптиктер биылғы қыс ең жылы және жауын-шашынды болғанын айтты, деп хабарлайды Orda.kz «Қазгидромет»-ке сілтеме жасап.

Қаңтардың өзінде Қазақстанның бірнеше қаласында рекордтық температура тіркелді: 

  • Маңғыстау облысы және Ақтауда +11,1;
  • Семейде +6,3;
  • Павлодарда +3,1;
  •  Балқашта +7.

Оңтүстіктегі өңірлерде көктем туды деуге болады. Ал еліміздің солтүстігінде кейінгі 62 жылда болмаған ең жылы қыс болды.

Сонымен қатар жауын-шашын мөлшері орташадан жоғары болды. Солтүстікте жиі қар, ал елдің оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөлігінде жаңбыр көп жауады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар