Қазақстанда оқушылардың білімін ЖИ-репетиторлар қолға алады
Фото: istockphoto.com
Биыл Қазақстанда білім беру саласына жасанды интеллектіні (ЖИ) белсендірек енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Ведомствоның вице-министрі Асылбек Ахметжановтың айтуынша, министрлік ұлттық цифрлық профильдер жүйесін және Ұлттық білім беру платформасын құру жұмысына кірісті.
«Осы мақсатта барлық LMS жүйелері, яғни электрондық күнделіктер мен журналдар үшін бірыңғай дерек қоймасы болатын Ұлттық білім беру деректер базасы жаңғыртылады. Бұл барлық мәліметтерді QazTech мемлекеттік бұлттық платформасында шоғырландыруға мүмкіндік береді», — деген вице-министрдің сөзін үкіметтің баспасөз қызметі келтірді.
Оның айтуынша, бұл педагогтердің күнделікті жүктемесін азайтады, себебі ЖИ-агенттер педагогикалық кеңестерге дайындық кезінде көмек көрсете алады.
«2026–2027 оқу жылынан бастап пилоттық түрде өңірлерде шағын жинақты мектептерге арналған Qazaq Digital Mektebi жобасы іске қосылады. Оған ЖИ-репетиторлар да қолданылады. 2026 жылдың ішінде 200 мыңнан астам педагог жасанды интеллект бойынша практикалық дағдыларға ие болады», — деп қосты Асылбек Ахметжанов.
Сондай-ақ оқушылар арасында жасанды интеллект сауаттылығын арттыруға ерекше назар аудару көзделіп отыр.
Еске сала кетейік, Қазақстанда 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа жылдық жолдауында мәлімдеген болатын.
Айтпақшы, жақында жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жасұлан Мәдиев мемлекеттік қызметкерлерді ЖИ-мен жұмыс істеуге қалай оқытып жатқаны туралы айтып, елімізде ЖИ-мен жұмыс істеу дағдылары болмаса мемлекеттік қызметке қабылданбайтынын нұсқаған болатын.
Еске салсақ, былтырғы қараша айында Қазақстан үкіметі OpenAl компаниясымен ортақ келісімге келді. Келісім бойынша Қазақстандағы ұстаздарға ChatGPT Edu атты білім беру мекемелеріне арналған ChatGPT арнайы нұсқасы қол жетімді болатыны жазғанбыз.
Тақырыпқа сай оқимын десеңіз:
Әкімдер атынан «сөйлеген» жалған ЖИ роликтер таралуда
«Таңбалануы тиіс»: Тоқаев «ЖИ туралы» заңға қол қойды
Елімізде ЖИ-мен жұмыс істеу дағдылары болмаса мемлекеттік қызметке қабылданбайды
ЖИ министрлігінің кейбір өкілеттігі ҰҚК бақылауына өтті
Жаңалықтар
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?