Қазақстанда қандай кітаптарды сақтау қылмыс саналады?
Сурет ЖИ көмегімен жасалған
Қазақстанда экстремистік немесе террористік мазмұндағы материалдарды тек тарату емес, енді сақтаудың өзі заң бұзу ретінде нақты бекітілуі мүмкін. Мұндай түзету арнайы мемлекеттік органдар қызметіне қатысты заң жобасында қаралып, Мәжілісте бірінші оқылымда талқыланған еді. Orda.kz тілшісі бұл жаңашылдыққа шолу жасады.
Не өзгермек?
Депутат Болат Керімбек түсіндіргендей, елде бұған дейін экстремистік материалдарды әкелуге, шығаруға, таратуға және дайындауға тыйым салынған. Енді осы тізімге сақтау фактісі де нақты түрде енгізілмек.
Алайда бұл норма мүлде жаңа жаза енгізбейді.
«Бұл — нақтылау ғана»
Мәжіліс депутаты Дмитрий Колода бұл өзгерістің қажеттілігіне күмән келтіріп, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексте (ӘҚБтК) мұндай әрекет үшін жауапкершілік бұрыннан бар екенін еске салды.
Оған жауап берген ҰҚК төрағасының орынбасары Алмас Наймантаев жаңа түзету тек заңдарды өзара сәйкестендіру үшін қажет екенін айтты: Яғни, қолданыстағы кодексте жаза бар, бірақ салалық заңдарда «сақтау» нақты жазылмаған. Енді осы олқылық түзетіледі.
Қазіргі қолданыстағы ӘҚБтК-нің 453-бабына сәйкес:
- Жеке тұлғаларға — 20-дан 200 АЕК-ке дейін (2026 жылы шамамен 86 500 – 865 000 теңге)
- Лауазымды тұлғаларға — 25-тен 300 АЕК-ке дейін
- Бизнеске — 50-ден 2000 АЕК-ке дейін (8,6 млн теңгеге дейін)
Жаза мөлшері құқықбұзушылықтың ауырлығына байланысты белгіленеді.
Негізгі түйін
Жаңа түзету жауапкершілікті күшейтпейді, бірақ заңдағы олқылықты жойып, экстремистік материалдарды сақтауға да нақты тыйым бар екенін айқындайды.
Бұл — қауіпсіздік саласындағы заңнаманы біріздендіруге бағытталған қадам.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Алматы облысында 14 және 17 жастағы жасөспірімдер үй ұрлығымен айналысқан
- АҚШ пен Иран 45 күндік бітімге келуі мүмкін
- Әлкей Марғұлан: Мұрағат пен дала арасындағы ғалым
- Қазақстанда қандай кітаптарды сақтау қылмыс саналады?
- Прокуратура Жақсылық Омарға шыққан үкімге пікір білдірді
- Дағыстанды су басты: Тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілуде
- Қарағанды облысында ішінде 50 адамы бар автобус аударылды
- Ақмола облысында бөгет жарылды
- Армения Ресей газ бағасын көтерсе, ҰҚШҰ мен ЕАЭО-дан шығатынын мәлімдеді
- Түркістан облысында бірнеше күн іздестірілген суға батып кеткен қыздың денесі табылды
- Иран Ормуз бұғазы арқылы кейбір кемелердің өтуіне рұқсат берді
- АҚШ-та ирандық генерал-майор Сүлейманидің туысы ұсталды
- Алматыда жеке клиникада сүндетке отырған бала ауруханаға түсті
- Иран Кувейт, Бахрейн және БАӘ-дегі АҚШ-тың әскери нысандарына шабуыл жасады
- Қазақстан мен Қытай шекарасында бірнеше өткізу пункті жабылды
- Қазақстан жолдарында лазерлік жарықтандыру болады
- Опырылған Кеген-Нарынқол күре жолының жағдайы қандай?
- Түркістан облысында жалған айғақ беруге азғырған адвокат сотталды
- Миллион оқырманы бар қытайлық блогерге Тоқаев атынан «Достық» ордені табысталды
- Еліміздегі 111 мың «ақылды» ЖИ камералары жүргізушілерді қалай қадағалайды?