Қазақстанда қамаудағыларға «тыйым салынған» зат бергені үшін жаза күшейтілмек

cover Orda.kz

Олар бұл үшін сотталғандарды ғана емес, түрме қызметкерлерін де жазалауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Orda.kz порталы.

Жыл басынан бері ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бас бостандығынан айыру орындарына тыйым салынған заттарды жеткізбек болған 150-ден астам адам ұсталған. Негізінен сотталғандарға телефон, алкогольдік ішімдіктер мен есірткі заттары жіберіледі.

«58 адам әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылды. 90-ға жуық іс бойынша сот шешім шығарды», – деді брифингте Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев. 

Әлекешевтің айтуынша, қазір Ішкі істер министрлігі ұялы телефондарды немесе басқа да техникалық құралдарды заңсыз берген немесе жеткізгені үшін жазаны қатайту мәселесін қарастыру үстінде.

«Бұл ереже тек сотталғандарға ғана емес, бұған жол берген қызметкерлерге де қатысты болады», – деп қосты ол. 

Негізінде, «тыйым салынған» заттарды қоршаулардан асырып тастайды. Бірақ оның басқа да құйтырқы әдістерді жетіп жатыр.

«Тыйым салынған заттар әдетте тіс пастасы, кремдер, дәрі-дәрмек қаптамалары түтіктерінде жасырылады, сонымен қатар олар тамақ өнімдерінде де жасырылады. Жасырын жерлерде киім алып жүру жағдайлары бар. Бірақ  қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері мұндай фактілерге жол бермеуге тырысуда», – деп түйіндеді ІІМ ресми өкілі. 


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар