Қазақстанда былтыр берілген несие 25% көбейген

cover Фото: Ашық дереккөзден

Ұлттық банк жариялаған есепте  2023 жылы жеке азаматтарға, бизнеске берілген несие 34,6 трлн теңге болды, деп хабарлайды Orda.kz порталы.

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 2023 жылы берілетін несие 19,7%-ға ұлғайып, 34,6 трлн теңгеге жеткен. Қарыз алушылардың санаттары бойынша кредиттердің жалпы көлемінің 47,5% бизнес кредиттеріне тиесілі (бизнес мақсаттарына кредиттер алған қаржылық емес, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер), 52,5%–ы халыққа берілген кредиттерге тиесілі.

«Бұл ретте бизнеске берілген кредиттер 2023 жылы 14,1% - ға өсіп, 16,5 трлн теңген болды, халыққа берілетін кредиттер – 25,4%-ға 18,2 трлн теңгеге дейін өсті. Ұлттық валютадағы кредиттер көлемі 20,5%-ға 31,7  трлн теңгеге дейін ұлғайды, шетел валютасында 11,9%-ға 3,0 трлн теңгеге дейін ұлғайды (оның ішінде валюталық қайта бағалау есебінен). Банк секторының кредиттері  жалпы көлемнің 86,0%-н құрады»  делінген есепте.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар