Қазақстанда алғашқы ғылым қалашығы бой көтереді
Фото: Pixabay
Үкіметте Technoqala жобасы таныстырылды. Аумағы 500 гектар болатын бұл қала Алматы маңында салынады, деп хабарлайды Orda.kz.
Үкіметте еліміздегі алғашқы ғылым қалашығы – Technoqala жобасының тұжырымдамасы талқыланды. Бұл қала ерекше мәртебеге ие болып, мұнда озық технологиялар, қолданбалы ғылым, университеттер мен инновациялық бизнес шоғырланатын болады.
«Басты мақсат – ғылыми әзірлемелерді нақты өндіріске жедел енгізу, оның ішінде олардың коммерциялық тиімділігіне баса мән беру. Басым бағыттар қатарында энергетика және энергия үнемдеу, биотехнологиялар және азық-түлік қауіпсіздігі, ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект бар», деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.
Бірінші кезеңде қаланы Алматы облысында 500 гектар аумақта салу жоспарланып отыр. Орналасатын жер ретінде «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының, «Алатау» технопаркінің және Ядролық физика институтының маңы таңдалды. Қаланың шамамен 30%-ы университеттерге, ғылыми-зерттеу институттарына және технопаркке арналмақ.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері ғылым қалашығына кіре алатын жоғары оқу орындары мен кәсіпорындардың тізімін ұсынды. Экономикалық зерттеулер институты ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға (ҒЗТКЖ) инвестиция тарту мен технология трансферін ынталандыру бастамасымен шықты. Бұл шаралар импортқа тәуелділікті азайтуға бағытталмақ.
«Ғылым қолданбалы болуы тиіс. Біз Қазақстанда алғаш рет ғылым қалашығын салғалы отырмыз. Ең бастысы – бұл жобаны қай бизнес өкілдерімен жүзеге асыратынымызды нақтылау. Іске асыруды өз қолына алатын басқарушы компания қажет», – деді Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин жиын қорытындысында.
Айта кетейік, осы аптада Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды Білім және ғылым жылы деп жариялауды ұсынды. Президент Қазақстанның білім беру инфрақұрылымын дамытуға және Қытаймен бірлескен зертханалар құруға мүдделі екенін атап өтті.
Жаңалықтар
- Шымкентте полицейді ұрған жасөспірім түрмеден бір-ақ шықты
- Жидда мен Дубайдан арнайы рейстермен елге тағы 506 адам қайтарылады
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды