Қазақстанда ақпан айынан бастап жанармай қымбаттайды

cover Фото: freepik.com

Ақпан айында жанар-жағармай мен газ қымбаттайды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Бұл туралы энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты. 

Министр ақпан айынан бастап бензин, дизель, сұйытылған газ бағасы өсетінін мәлімдеді. Оның айтуынша, мұнай өнімдерінің бағасы бойынша президент жанындағы кеңес шешім қабылдап қойған екен. Жанар-жағармай ғана емес, сұйытылған мұнай газының бағасы да кезең-кезеңмен өседі. 

«Мұндағы басты ұстаным бағаны бақылаудың нормативтік және әкімшілік шараларын үкіметте қалдыруға бағытталған. Яғни, аталған әлеуметтің маңыздағы тауарлар бағасының күрт өсуі болмайды», – деді ол.




Жаңалықтар

барлық жаңалықтар