Қазақстанда 17 шілдеде теледидар мен радио жұмыс істемейді

cover Фото: Pexels

«Қазтелерадио» АҚ 2024 жылғы 17 шілдеде сағат 3.00-ден 17.00-ге дейін тоқсан сайынғы жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізетінін мәлімдеді.

 Осы уақыт аралығында спутниктік, цифрлық және аналогтық жерүсті желілерінің техникалық құралдары бойынша қызметтер жабылады. 

 «Жұмыс барысында бүкіл Қазақстан бойынша теле және радиоарналардың ретрансляциясы уақытша тоқтатылады» делінген хабарламада.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар