Қазақстан Ұлттық банкінің жанынан криптоактивтердің мемлекеттік резерві құрылады
Фото: Pexels
Қазақстан Ұлттық банкінің жанынан криптоактивтердің мемлекеттік резервін құру жоспарлануда, , деп хабарлайды Orda.kz.
«Мәжіліс депутаттарының Ұлттық банктің жанынан криптоактивтердің мемлекеттік резервін құру туралы ұсынысы қолдау тапты. Қазіргі таңда мемлекеттік крипторезервті қалыптастыру және басқару тұжырымдамасы, оның ішінде альтернативті инвестицияларды басқаруға маманданған Ұлттық банктің еншілес ұйымы базасында крипторезерв құру мүмкіндігі қарастырылып жатыр», – деді Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов.
Сүлейменовтің айтуынша, Ұлттық банк мемлекеттік крипторезервті қалыптастыруда халықаралық тәжірибеге сүйенетін, сақтық пен институционалдық негізге құрылған тәсілді қолдайды.
«Біз мемлекеттік крипторезервті халықаралық үздік тәжірибеге, оның ішінде крипторезервтері бар егеменді қорларды басқару тәжірибесіне сәйкес, криптоактивтердің есебі мен сақталуының ашықтығы, резервті басқарудың транспаренттілігі мен қауіпсіздігі қағидаттарын негізге ала отырып қалыптастыру қажет деп санаймыз», – деді ол.
Сүлейменов атап өткендей, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мұндай резервтің көзі:
- тәркіленген криптоактивтер мен криптовалюталар,
- мемлекеттік қатысы бар майнингтік қызмет нәтижесінде өндірілген криптовалюта болуы мүмкін
«Криптоактивтердің тұрақсыздығы мен сақтау тәуекелдерін ескере отырып, мемлекеттік крипторезервті тиімді құрылымдау үшін басқарудың орталықтандырылған институционалдық тәсілін қолдану маңызды, бұл оның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді», – деді Ұлттық банк басшысы.
Сонымен қатар, мемлекеттік крипторезервті қалыптастырудың нақты механизмдері құқық қорғау және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп пысықталатыны айтылды.
«Мемлекеттің крипторезерв бойынша меншік құқығын тиімді жүзеге асыру үшін, мемлекеттік крипторезервке қатысты құқықтық режимді, оны басқарудың заңнамалық негіздерін, оның ішінде резервті толықтыру мен ондағы цифрлық активтерді пайдаланудың құқықтық негіздерін заң жүзінде бекіту қажет. Осыған байланысты Ұлттық банк мемлекеттік крипторезервті қалыптастырудың құқықтық режимін анықтау үшін заңнамалық түзетулерді талқылауға дайын», – деп қорытындылады Сүлейменов.
Бұған дейін Мәжіліс депутаттары Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовке және Бас прокурор Берік Асыловқа сауал жолдап, Қазақстандағы криптоактивтерді реттеу саласындағы өткір мәселелерді көтерген болатын.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды