Қазақстан Украинаға қатысты бейбітшілік саммитіне қатыса ма?
Фото: Украина президентінің баспасөз қызметі
Қазақстанның Швейцарияда өтетін Украина бойынша бейбітшілік саммитіне қатысуы қарастырылады.
Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады.
«Иә, біздің еліміздің осы саммитке қатысуы халықаралық іс-шаралар кестесін және Қазақстан Республикасының осы мәселе бойынша ресми ұстанымын ескере отырып қарастырылатын болады. Қазақстанның тарихи тұрғыдан бірдей тығыз саяси, экономикалық, Украинамен де, Ресеймен де мәдени-гуманитарлық қарым-қатынаста. Біз әрқашан барлық елдердің егемендігі мен аумақтық тұтастығын сақтау және БҰҰ Жарғысы қағидаттарын сақтай отырып, әрекет етеміз»,- деді Смадияров.
Осы тұрғыда ол Қазақстан осы елдер арасындағы екіжақты қарым-қатынастар контекстінде шешілуі тиіс қақтығысты тек бейбіт жолмен шешуді дәйекті түрде жақтайтынын жеткізді.
15 және 16 маусымда Швейцарияда Украинадағы жағдайға қатысты саммит өтеді. Оған мемлекет және үкімет басшылары деңгейіндегі 160-тан астам делегация шақырылды.
Жаңалықтар
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді