Қазақстан Украинаға ескі ұшақтарды сатқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды
Фото: Ашық дереккөзден
Қазақстан Украина армиясына ескі жойғыш ұшақтардың сатылғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
Қару-жарақ пен әскери техниканың импорты мен экспортына жауапты «Қазсарнайыэкспорт» компаниясы Украина қарулы күштерінің пайдалануы үшін қолданыстан шыққан әскери ұшақтарды сатты деген ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды.
29 сәуірде The Business Insider Америка Құрама Штаттары Ресейдің ең жақын одақтасы Қазақстаннан ескі әскери ұшақтарды сатып алғаны туралы жаңалықты жариялаған болатын. Содан кейін бұл әскери техника Украинаға берілді. Журналистердің мәліметінше, 80-ге жуық ұшақ сатып алынған.
«Қазарнайыэкспорт» бұл ақпаратты жоққа шығарды. Компания өкілдері әуе кемелерін міндетті түрде кәдеге жарату шартымен сату бойынша барлық операциялар Қазақстанның қолданыстағы заңнамасы талаптарына қатаң сәйкес жүргізілгенін және уәкілетті орган берген тиісті лицензиялары бар, заңды тұлғаларға ғана қолжетімді екенін мәлімдеді.
«Шетелдік компанияларға сауда жасауға рұқсат етілмеді. Қайта өңдеу процесі толығымен теңгерім ұстаушылардың бақылауында. Жасалған келісім талаптарына сәйкес барлық әуе кемелері, сондай-ақ оларға арналған құрамдас бөліктер мен тораптар кесу, ұсақтау және бастапқы күйіне келтіру мүмкіндігін болдырмайтын басқа да әдістерді қолдану арқылы теңгерім ұстаушылардың аумағында жойылады. Осыдан кейін олар аумақтан тек түсті металл сынықтары түрінде шығарылады» деп мәлімдеді компания.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың қазан айында мемлекеттік мүлік аукционына ескі әскери ұшақтар қойылған болатын. Жарнамада жаңа иесі жабдықты кәдеге жаратуға міндетті екені айтылған. Негізінен бұл 70-80 жылдардағы Су-27, Миг-29 және Миг-27. Бұл кеңестік мұраның бәрі көптен бері ұшпайды, жай ғана қоймаларда шаң басып жатыр. Сондықтан, бағалаушылар мүліктің нарықтық құнын емес, бастапқы құнын анықтады.
Жаңалықтар
- «Қайрат» өз алаңында «Ақтөбені» тізе бүктірді
- «Сегіз автокөлік пен 17 iPhone тәркіленді» — Жаңабыловтардың сотында не айтылды?
- Садыр Жапаров Тоқаевты Қазақстанда жалпыхалықтық референдумның сәтті өтуімен құттықтады
- Түркістанда пара алды деген күдікпен ұсталған полицей жазадан құтылып кетті
- Астанада 15 жастағы жасөспірім із-түзсіз жоғалып кетті
- Мемлекет басшысы әскери қызметке қатысты Жарлыққа қол қойды
- Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қарауыл бастығына оқ тиіп опат болды
- Лос-Анджелесте «Оскар-2026» жеңімпаздары анықталды
- Путин Тоқаевты жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады
- Талғарда қыз зорлады деген жаламен ұсталған төрт жігіт ақталып шықты
- Қадір түні — тағдыр түні: Дұға-тілектер
- Алматыда Рахат Тұрлыханов әйеліне күш көрсетті деген күдікпен қайта ұсталды
- Италияда қысқы Паралимпиада ойындары аяқталды: Қазақстан нешінші орында тұр?
- Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті
- Екі аптадағы соғыс: Парсы шығанағындағы елдерге Иран шабуылдарының салдары қандай?
- Қазақстанның жаңа Конституциясы референдумда ресми түрде мақұлданды
- «Өліп жақсы көремін»: Нетаньяхудың «өлімі» мен алты саусақтың құпиясы
- Венгрияда премьер-министр сайлауы алдында қарсыластартың жақтастары митинг өткізді
- Биыл Наурыз мерекесі қалай атап өтіледі?
- Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің екінші ракеткасы атанды