Қазақстан туын «тряпка» деп айтқан тиктокер қандай жаза алды?

cover

Түркістан облысында Қазақстан туын «тряпка» деп атаған 2006 жылы дүниеге келген тиктокерге сот үкімі шықты. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады. Іс материалдарынан белгілі болғандай, айыпталушы осы жылдың сәуір айында Сауран ауданы Ибата ауылының бас көшесіндегі туды телефон камерасына түсірген.

«Сол күні ол TikTok әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында туы бар видеоны жариялап, астына: «Жогарыга іліп койптығо тәеулсздік тряпкасн» - деген сипаттама жазған», — деп хабарлады сот.

Адамдар пікірлерін білдіріп ашулана бастағандықтан, аккаунт иесі бейнені өшіріп тастаған. Көп ұзамай оған ҚР Қылмыстық кодексінің 372 бабы «Мемлекеттік рәміздерді қорлау» бойынша айып тағылды.

Сот оны қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Қамау түріндегі бұлтартпау шарасы ешқайда кетпеу туралы қолхатқа өзгертілді. Сотталушы сот залынан қамаудан босатылды.

Соттың үкімі заңды күшіне әлі енген жоқ.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар