Қазақстан шетелдіктерге қойылатын талаптарды күшейтеді
2024 жылдың 8 желтоқсанынан бастап шетелдіктерге Қазақстанда уақытша және тұрақты тұруға рұқсат берудің өзгертілген ережелері күшіне енеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Ішкі істер министрінің жаңа бұйрығына сәйкес, уақытша тұруға рұқсат алу үшін бірқатар құжат ұсыну қажет:
• өтініш формасы;
• жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін ұсынылады);
• медициналық сақтандыру көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін ұсынылады, ЕАЭО елдері азаматтары үшін талап етілмейді);
• егер өтініш беруші тұрғын үй алаңының меншік иесі болмаса, тұрғын үй иесінің тұруға нотариалды куәландырылған келісімі;
• саусақ ізін өткізгені туралы анықтама.
Құжаттар тізімі келу мақсатына байланысты өзгереді. Мысалы, отбасын біріктіру, жұмыс істеу, оқу және т.б.
Енді Қазақстанға жұмыс істеу үшін келген азаматтар шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат пен біліктілігін растайтын басқа да құжаттарды ұсынуы керек. Өзгерістер іскерлік иммигранттарға, студенттерге және емделуге немесе миссионерлік мақсаттарға келгендерге қатысты ережелерге де әсер етеді. Егер құжаттар шет тілінде болса, аудармасы нотариалды куәландырылуы қажет.
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда болу құжатын алғысы келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін саусақ ізін тіркеу міндетті .
Жаңалықтар
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?