Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланды
Фото: gov.kz
Конституциялық реформа жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.
Жаңа Конституция жобасының толық мәтіні Конституциялық соттың ресми сайтында жарияланды.
Елдің жаңа Негізгі заңының жобасы азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардан түскен ұсыныстарды жан-жақты талдау, ашық қоғамдық талқылаулар және жаңа нормалар мен ережелерді мұқият пысықтау нәтижесінде әзірленді.
Конституциялық реформаның бастау нүктесі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанда бір палаталы парламент құру туралы бастамасы болды. Президент бұл идеяны 2025 жылғы 8 қыркүйекте халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауында жариялап, саяси жүйені кешенді түрде қайта жаңғыртуға және жасанды интеллект дәуірінде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал етуге бағытталғанын атап өтті.
8 қазанда парламенттік реформа жөніндегі Жұмыс тобын құру туралы өкімге қол қойылды. Оның құрамына белгілі құқықтанушылар, сарапшылар, саяси партиялар фракцияларының және қоғамдық ұйымдардың өкілдері енді. Сонымен қатар, бейжай қарамайтын азаматтар да e-Otinish және eGov порталдары арқылы өз пікірлері мен ұсыныстарын жолдап, талқылауға белсенді қатысты.
Осылайша, жаңа реформаны талқылау шамамен алты ай бойы қарқынды жүргізілді. Осы кезеңде Жұмыс тобы азаматтардан түскен 2000-нан астам ұсынысты жан-жақты қарастырып, жинақтады.
2026 жылғы қаңтарда өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы атқарылған жұмыстың қорытындысын шығарып, алдағы өзгерістерге қатысты өз көзқарасын ұсынды. Қасым-Жомарт Тоқаев бастапқыда түзетулер Конституцияның шамамен 40 бабын қамтиды деп жоспарланғанын, алайда жұмыс барысында өзгерістер ауқымы әлдеқайда кең болатыны, олардың саяси және әлеуметтік өмірдің көптеген қырларын қозғайтыны анықталғанын атап өтті.
21 қаңтарда Конституциялық комиссия құрылды. Оның құрамына Ұлттық құрылтай мүшелері, танымал құқықтанушылар, орталық мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары, бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, мәслихат төрағалары, өңірлік қоғамдық кеңестердің өкілдері, сараптамалық және ғылыми қауымдастық өкілдері кірген 130 адам енді. Осылайша, комиссия құрамына Қазақстанның барлық әлеуметтік топтары мен өңірлері қамтылды.
Комиссияны Конституциялық соттың төрағасы Эльвира Азимова басқарды. Оның орынбасарлары болып Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин және Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева тағайындалды.
«Комиссияны құруды салалық өзгерістерден кешенді конституциялық трансформацияға көшу ретінде қарастырған жөн. Оның алдында бірегей миссия тұр: бір жағынан, конституциялық құрылыстың іргелі қағидаттарын сақтай отырып, екінші жағынан, заманауи сын-қатерлерге лайықты жауап беретін Негізгі заңды қалыптастыру», – деді Эльвира Азимова Комиссияның алғашқы отырысында.
Комиссияның барлық отырыстары толықтай ашық форматта өтіп, тікелей эфирде көрсетілді. Оның жұмысы бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен әрі жан-жақты жарияланды. Танымал заңгерлер, құқық қорғаушылар, қоғам қайраткерлері, депутаттар, саясаттанушылар және өзге де сарапшылар өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.
Жұмыс барысында Комиссия мүшелері Конституцияның барлық бөлімдері мен 77 бабын қамтитын ұсыныстарды егжей-тегжейлі қарастырды. Бұл Конституция мәтінінің 84 пайызын құрайды. Нәтижесінде, Комиссия Қазақстанның жаңа Конституциясын әзірлеу қажеттілігі туралы мәселені көтеріп, қолдады.
Қазақстан Республикасының Ата заңының тұжырымдамалық өзгерістері мемлекеттің адамға бағдарланған сипатын күшейтуге, қазақстандық қоғамның өзекті құндылықтары мен қағидаттарын көрсетуге, сондай-ақ саяси институттар құрылымының тиімділігін арттыруға бағытталған.
Жаңа Преамбулада адам құқықтары мен бостандықтары алғаш рет мемлекеттің басты басымдығы ретінде жарияланды. Бірлік пен ынтымақ, этносаралық және конфессияаралық келісім Қазақстан мемлекеттілігінің негізі ретінде айқындалды. Егемендік пен Тәуелсіздік, унитарлық сипат пен аумақтық тұтастық өзгермейтін құндылықтар санатына жатқызылды. Әділеттілік, Заң мен Тәртіп, табиғатқа ұқыпты қарау сияқты қағидаттар алғаш рет Конституция деңгейінде бекітілді.
Сондай-ақ, мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі әрі егемендіктің иесі – Қазақстан халқы екені нақты бекітілді.
Жаңа Конституция мәтінінің орталық идеясы ретінде білім мен ғылым, мәдениет пен инновациялар айқындалды. Бұл – мемлекеттің болашағы минералдық ресурстармен емес, адами капиталмен және азаматтардың жетістіктерімен айқындалатынын көрсететін түбегейлі бетбұрыс.
Тағы бір маңызды бағыт – цифрландыру. Осыған байланысты Конституцияда алғаш рет азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтарын қорғау нормасы бекітілді.
Жаңа Конституцияның басты ерекшелігі – адам құқықтарына бағдарлануы. Адамның құқықтары мен бостандықтары тек жаңа Преамбулада ғана емес, бүкіл Конституцияның негізгі мағыналық өзегі әрі айрықша басымдығы ретінде айқындалды.
Дін мен мемлекеттің аражігі нақты ажыратылды. Білім беру және тәрбие беру жүйесінің зайырлы сипаты бекітілді.
Некенің ер мен әйел арасындағы ерікті әрі тең құқықты одақ екені туралы норма енгізіледі. Бұл шешім дәстүрлі құндылықтарды ең жоғары құқықтық деңгейде қорғауға және әйелдердің құқықтарын күшейтуге бағытталған.
Конституция жобасындағы негізгі жаңалықтардың қатарында мыналарды атап өтуге болады:
- 145 депутаттан тұратын, өкілеттігі кеңейтілген жаңа бір палаталы Парламент – Құрылтайды құру. Ол пропорционалды сайлау жүйесі негізінде қалыптастырылады, депутаттардың өкілеттік мерзімі – бес жыл.
- Пропорционалды жүйе партиялардың кадрлық саясатын дамытуға, олардың институционалдық рөлін арттыруға және қоғам алдындағы жауапкершілігін күшейтуге ықпал етеді.
- Жалпыұлттық диалогтың жаңа алаңы – Қазақстанның Халық Кеңесін құру. Бұл заң шығару бастамасы құқығы бар, Қазақстан халқының мүддесін білдіретін жоғары консультативтік орган болады.
- Вице-Президент институтын енгізу. Ол Президент атынан Қазақстан мен шет мемлекеттердің қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени-ағартушылық ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасайды.
- Адвокатура мен адвокаттық қызметке арналған арнайы бапты алғаш рет бекіту.
- Зияткерлік меншікті қорғау.
- Азаматтардың құқықтарына берілетін кепілдіктерді күшейту, соның ішінде азаматтардың жағдайын нашарлататын немесе жаңа міндеттер жүктейтін заңдарға кері күш беруге тыйым салу, кінәсіздік презумпциясы, бір құқық бұзушылық үшін қайта жауапқа тартуға жол бермеу қағидаттары.
- «Миранда қағидасын» бекіту.
Сонымен қатар, жаңа Конституция жобасында ескірген терминологиялық аппарат мәселесі кешенді түрде шешіледі.
Жаңа Ата заң мәтіні Қазақстанның қалыптасқан мемлекеттілігін, халықаралық беделін, адами капиталды, білімді, ғылым мен инновацияны дамытуға басымдық беретін бағытын айқын көрсетеді. Сонымен бірге, Қазақстанның мемлекеттілігінің қалыптасуы мен тарихи дамуында маңызды рөл атқарған қолданыстағы Конституцияға құрмет көрсетіледі.
Жалпы алғанда, жаңа редакцияның алғашқы жобасында Преамбула, 11 бөлім және 95 бапты бекіту ұсынылады.
Ұсыныстарды жинау e-Otinish және eGov порталдары арқылы жалғасуда. Жаңа Конституция бойынша түпкілікті шешімді ел азаматтары жалпыұлттық референдумда қабылдайды. Конституциялық комиссияның жұмысы жалғасып жатыр.
Бұған дейін Конституцияның 77 бабына, яғни мәтіннің 84 пайызына түзетулер енгізу жоспарланғаны хабарланған болатын. Алайда 29 қаңтарда арнайы комиссия мүшелері пікірталас барысында ұсынылып отырған өзгерістердің ауқымы жаңа Конституция қабылдау қажеттігін көрсететінін мәлімдеді.
Сонымен Ата заңдағы негізгі өзгерістерге тоқталсақ:
1) Қазақ жеріндегі мемлекеттілікті нығайту – жаңа Ата заң жобасында орын тапқан айрықша ұстаным
2) Мыңжылдық тарихтың сабақтастығы – жаңа Конституция жобасы айқындап берген бағдар
3) Ұлы Дала – жаңа Ата заң жобасында шегеленген ұғым
4) Жаңа Конституцияның жобасы: адами капитал мен адам құқықтарына басымдық
5) Мыңжылдық Ұлы Дала – жаңа Конституция жобасы тарихты қайта жаңғыртты
6) Құрылтай, Халық Кеңесі, «Миранда ережесі» – жаңа Конституция жобасы халық назарына ұсынылды
7) «Ұлы Дала» ұғымы Конституцияның Преамбуласында пайда болуы мүмкін
8) Ата заңның Преамбуласына шекараның мызғымастығы мен біртұтас ұлт ұғымын енгізу ұсынылды
9) Білім берудің зайырлы сипатын Конституция деңгейінде бекіту ұсынылды
10) Білім мен ғылым, мәдениет пен инновация жаңа Конституция жобасының өзегіне айналды
11) Жаңа Конституцияныңжобасында Ұлы Даланың мыңжылдық тарихының сабақтастығы көрініс тапты
12) Әділетті Қазақстан, Заң мен Тәртіп, табиғатқа ұқыпты қарау жаңа Конституция Преамбуласынан көрініс тапты
13) Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
14) Бірлік пен келісім Қазақстан мемлекеттілігінің іргетасы ретінде бекітілмек
15) Жаңа Конституция жобасында адам құқықтары мен бостандықтарына арнайы бөлім қарастырылған
16) Жаңа Конституцияның жобасы – дін мемлекеттен бөлінген
17) Қазақстан халқы егемендіктің иесі және биліктің жалғыз көзі ретінде бекітілетін болады
18) Патриотизм жаңа Конституция жобасында негізгі қағидаттардың бірі ретінде айқындалды
19) Адами капиталды дамыту мемлекеттің стратегиялық басымдығы ретінде айқындалмақ
20) Жаңа Конституция жобасында азаматтардың құқығын цифрлық ортада қорғау нормасы бекітілді
21) Ер мен әйелдің ерікті әрі тең одағы – жаңа Конституциялық жобаға неке туралы түсінік енді
22) «Республикалық» емес, «бүкілхалықтық»: жаңа Конституция жобасында референдум атауын өзгерту ұсынылды
23) Ел бірлігі мен адам құқықтары жаңа Конституция жобасының Преамбуласында бекітілген
24) Ғылыми, техникалық және шығармашылық еркіндік – жаңа Конституцияның жобасы не ұсынады
25) Жемқорлар сайлауға түсе алмайды – жаңа Конституцияның жобасы жарияланды
26) Халық Кеңесі елдің мүддесін білдіретін жоғары консультативтік орган болады
27) Адвокатураның мәртебесі жаңа Конституция жобасында бекітілді
28) Жаңа Ата заңның жобасы: Конституцияға өзгеріс енгізу тек бүкілхалықтық референдум арқылы мүмкін болады
29) Енді Парламент арқылы Конституцияны өзгерту мүмкін болмайды
30) Дін мемлекеттен бөлек – жаңа Конституцияның жобасы жарыққа шықты
31) Жаңа Конституцияның жобасы: білім мен тәрбие беру жүйесі зайырлы сипатқа ие болады
32) Жаңа Конституцияның жобасы: Қазақстан халқы биліктің қайнар көзі әрі егемендіктің иесі
33) Егемендік пен аумақтық тұтастық жаңа Конституцияның мызғымас құндылығы
34) Халық Кеңесі бүкілхалықтық референдум өткізуге бастамашыл бола алады
Президенттің айтуынша, бұл түзетулер мемлекеттік жүйенің бүкіл құрылымын дерлік түбегейлі өзгертеді. Сонымен бірге, Қазақстан аумағының тұтастығы мен қол сұғылмастығы туралы норма Конституцияда өзгеріссіз қалады.
Оқи отырыңыз:
- Тоқаев үкіметті сынға алып, кадрлық шешім қабылдауға уәде берді
- Қызылордада тарихи Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
- Мемлекеттік кеңесші лауазымы жойылады, екі ай ішінде президент сайлауы өткізіледі
Жаңалықтар
- ЕЭК Кеңесінің алғашқы отырысында Қазақстан өз басымдықтарын айқындады
- Ұлттық банк валюталық реттеу қағидаларына ауқымды түзетулер ұсынды
- Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланды
- Құлсарыда жеті жасар қызды азаптап өлтірген қылмыскер өмір бойына қатаң режимдегі түрмеге тоғытылды
- Қаржы министрлігі: жасанды зерде тендердегі ұрлыққа жол бермейді
- Қазақтелеком қажеттілігіне миллиардтаған юань қарыз алды
- «Дамытудың» ақыры – дау: Алматыда 300 отбасы үйірме ақшасын қайтара алмай отыр
- Ақтөбе облысында келінін зорлаған қайын ата 8 жылға сотталды
- «Әр бал үшін 7 мың теңге»: Ақтөбеде оқушыларға «ҰБТ-ны оңтайластырған» мұғалім сотталды
- Жаңа конституцияның жобасы таныстырылды
- Ұлыбританияда терроризм үшін сотталған исламист жергілікті сайлауға түспек
- Шымкентте ер адам бейтаныс әйелді «түрі ұнамағаны» үшін пышақтап өлтірді
- 89 жастағы зейнеткер туыстарын ұрғаны үшін істі болды
- Алматыда мопед жүргізушісін қағып қашып кеткен адам екі тәуліктен бері табылмады
- Қойнауы қазынаға толы кенді қала Жезқазғанның шұрық-тесік жолдары
- Қырғызстанда 16 жастағы қыздың шашын тақырлап алып, соққыға жыққан
- «Богатырь Көмір» компаниясының қызметкері көз жұмды
- «Қайрат» Чемпиондар лигасында соңғы орын алса да 11,6 млрд теңге тапты
- Трамп қатты аяз кезінде шабуылды тоқтату жөнінде Путинмен келісім болғанын мәлімдеді
- Маңғыстау облысында 7 баланың әкесі әйелін пышақтап өлтірді