Қазақстан Ресейден электр энергиясын қаншаға сатып алады
Фото: uaqyt.info
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанның электр қуатының тапшылығы және оны Ресейден қандай бағамен сатып алатыны туралы айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Оның айтуынша, Ресейден электр қуатын қабылдау екі гигаватқа жеткен. Бұл қазақстандық жылу электр орталықтарындағы жөндеу жұмыстарына байланысты. Бірақ көп ұзамай жөндеу жұмыстары аяқталады және Ресейден келетін импорт көлемі азаюы керек.
«Баға сағат сайын қалыптасады және электр энергиясын қай сағатта сатып алатынымызға байланысты. Өкінішке қарай, біз электр қуатын ең жоғары жүктеме кезінде сатып алуға мәжбүрміз, ол жерде бағалар сатып алу сағатына байланысты әр түрлі болады. Салыстырмалы түрде айтсақ, 12-ден 18 теңгеге дейін барады», - деді ол АЭС құрылысы бойынша референдумда дауыс бергеннен кейін.
Қазақстан Ресей үшін электр энергиясының басым экспорттық нарығы. Ресей тарабы қысқа мерзімді және орта мерзімді электр қуатын жеткізуді жоғары деңгейде ұстауды жоспарлап отыр.
Рейтер агенттігінің хабарлауынша, ресейлік «Бірыңғай энергетикалық жүйе операторы» АҚ алдағы бірнеше жылға арналған жоспарларымен бөлісті. Бұл жоспарда Қазақстанның алатын орны ерекше. Біздің еліміз Қытаймен бірге Ресей Федерациясынан электр энергиясын экспорттаудың негізгі бағытына айналады.
Жаңалықтар
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?