Қазақстан мұнайын тасымалдайтын танкерлерге шабуыл жасалды — Reuters
Фото: freepik.com
Reuters агенттігінің хабарлауынша, сейсенбі күні Қазақстан мұнайының шамамен 80%-ы өтетін Каспий құбыр консорциумы (КҚК) терминалы маңында грек компаниялары басқаратын екі мұнай танкеріне дрондармен шабуыл жасалған, деп хабарлайды Orda.kz.
LSEG деректеріне сәйкес, танкерлердің бірі — Delta Harmony — гректің Delta Tankers компаниясының басқаруында. Бұл кеме «Теңізшевройл» консорциумы өндіретін мұнайды тиеуі тиіс болған. Екінші танкер — Matilda — гректің Thenamaris компаниясына тиесілі, ол Қарашығанақ кен орнынан алынатын мұнайды тиейтін болған.
Thenamaris компаниясының өкілі Matilda танкері КҚК терминалынан маңында, жүксіз тұрған кезде екі дронның соққысына ұшырағанын растады.
«Зардап шеккендер жоқ. Кемеге жеңіл зақым келген. Кеме жүзуге жарамды болып, аймақтан шығып кетті», — деді компания өкілі.
Ал Delta Tankers компаниясы Reuters-тің сұрауына жауап бермепті. Каспий құбыр консорциумы бұл шабуылға қатысты пікір білдіруден бас тартты.
Айта кетейік, Ерболат Досаев «Бәйтерек» холдингінің директорлар кеңесіне кірді.
Жаңалықтар
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?