Қазақстан мен Ресей бірлескен «Бәйтерек» зымыран кешенін құру барысын талқылады
Фото: primeminister.kz
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Роман Скляр Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары – Индустрия және сауда министрі Денис Мантуровпен кездесті, деп хабарлайды Orda.kz Қазақстан Республикасы Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесуде «Байқоңыр» кешенінің негізгі мәселелері талқыланды. Тараптар бірлескен «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру жобасының орындалу барысына ерекше назар аударды. Олар жобаны жүзеге асыру жұмыстары бұрын қол жеткізілген келісімдер мен жасалған шарттарға сәйкес жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Кездесу барысында қазақстандық тарапқа жерүсті инфрақұрылымын құру және «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін жаңғырту жауапкершілігі жүктелген жобаны іске асыруды жалғастыру бойынша одан әрі бірлескен іс-қимылдар тәртібі келісілді.
Сондай-ақ тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін және Байқоңыр қаласын дамыту перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы азаматтарына Байқоңыр қаласына кіруге/шығуға рұқсаттарды электронды түрде беру мәселесі талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша екі жақ «Байқоңыр» кешені инфрақұрылымының әлеуметтік-мәдени әлеуетін тиімді пайдалану және дамыту мақсатында өзара іс-қимылды жалғастыруды келісті.
Жаңалықтар
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды
- Петропавлдық мұғалім Гиннестің рекордтар кітабына енді
- Заңсыз 185 млн теңге тапқан: Теміртауда криптоферма ашқан ер адам сотталды
- Ақтөбеде әскери қызметкер кәмелетке толмаған қызды зорлағаны үшін 15 жыл 6 айға сотталды
- Норвегияда АҚШ елшілігі жанындағы жарылысқа қатысты үш адам ұсталды
- Алматыда қалың қар жауып, бір тәулікте 62 жол-көлік оқиғасы тіркелді