Қазақстан мен Кипр сотталғандарды өз елдеріне ауыстыруға келісті

cover Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялайтын заңға қол қойды, деп хабарлайды Orda.kz.

Бұл заң екі ел арасындағы қылмыстық іс жүргізу саласын толыққанды құқықтық базаны қалыптастыру мақсатында қарастырылған. Басты мақсат – шетелде сотталған қазақстандықтар үшін жазасын өз елінде өтеу мүмкіндігін қамтамасыз ету.

Сотталғандарды ауыстыру мақсатында бұл іске бас прокуратура жауапты болып белгіленді.

Еске сала кетейік, бүгін Талғарда кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Полаттың ісіне қатысты алғашқы негізігі сот отырысы басталғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар