Қазақстан-Қытай шекарасындағы автокөлік өткізу бекеттері уақытша жабылады

cover

Мереке күндеріне байланысты Қазақстан мен Қытай арасындағы шекара жабылады.

Биылғы жылдың 16-17 желтоқсанында Қазақстанда Тәуелсіздік күнін мерекелеу кезінде және 2024 жылғы 1-2 қаңтарда жаңа жыл мерекесіне байланысты Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу бекеттерінде адамдардың, көлік құралдарының және жүктердің өтуі тоқтатылады.

Бірақ теміржол бекеттері әдеттегідей жұмысын жалғастыра береді.

Мемлекеттік кірістер комитеті шекарадағы кептелістің алдын алу үшін тұрғындардан тасымалдау бағыттарын алдын ала жоспарлап, белгіленген күндері ғана бақылау-өткізу бекеттеріне келуді сұрады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар