Қазақстан көршілеріне беретін мұнай көлемін күрт ұлғайтты
Фото: Егемен Қазақстан
Желтоқсан айында «ҚазТрансОйл» АҚ Қырғызстанға мұнай жеткізуді арттырып, Өзбекстанға транзитті қайта бастайды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қырғызстанға жеткізілетін мұнай 2017 жылғы үзілістен кейін қарашада қайта басталды. Жыл соңына дейін «ҚазТрансОйл» елімізге 30 мың тоннаға дейін мұнай жіберуді жоспарлап отыр.
«Өзбекстанға транзит желтоқсан айында 35 мың тоннаға дейін жоспарланып отыр. Екі бағыттағы жеткізілімдердің жалпы көлемі 65 мың тоннаға жетуі мүмкін, оның 55 мың тоннасы - осы айда» деген жоспарымен бөлісті компания.
Мұнайды магистральдық мұнай құбырлары арқылы «Шағыр» пунктіне дейін тасымалдайды, онда оны темір жол цистерналарына қайта тиеп, әрі қарай жөнелтеді.
Осы орйда «Қазақстанның ең бай мұнайшылары кімдер және несімен белгілі?» деген сараптамалық мақаламызды оқып шығуды ұсынамыз.
Екі оттың ортасында қалған Қазақстан: Ресей мен Украина соғысының құрбаны неге біздің мұнай болмақ? Бұл мақаланы мына жерден оқыңыздар.
Айтпақшы, былтыр еліміздегі мұнай өндіруге қатысты алты келісімшарттың бесеуі қытайлықтарға берілді.
Сондай-ақ, Қазақстанда барланған мұнай қорын қазіргідей өндіру жалғасатын болса, тек бірнеше онжылдыққа ғана жетуі мүмкін.
Жаңалықтар
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды