Қазақстан – кедей де емес, бай да емес ел: Halyk Finance сарапшылары экономиканың әлсіз тұстарын атады
Қазақстан – табыс деңгейі ортадан жоғары, Орталық Азиядағы ең ірі экономика, ЖІӨ тұрақты өсіп келе жатқан мемлекет. Бірақ сонымен бірге елді бай деп те айту да қиын: нақты жалақы төмен, Ұлттық қор таусылуға жақын, ал инфляция болжамдары барған сайын алаңдатып отыр. Қазақстан экономикасында не дұрыс емес және оған қалай көмектесуге болады деген сұрақтарды Halyk Finance сарапшылары талдады, деп хабарлайды Orda.kz.
«Орта табыс тұзағы» — Қазақстанның қазіргі жағдайына тән құбылыс
Halyk Finance макроэкономикалық сарапшысы Санжар Қалдаровтың айтуынша, Қазақстанның «орта табыс тұзағына» түскені туралы пікір жиі айтылады. Бұл – ел экономикасы арзан жұмыс күші, шикізат экспорты және инфрақұрылымға салынған инвестициялар есебінен өскеннен кейін тоқырап, инновациялық даму деңгейіне өте алмайтын жағдайда.
Дүниежүзілік банктің мәліметі бойынша, әлемде осындай «орта деңгейде тұрып қалған» елдер саны – 108. Ал табыс деңгейін жоғары сатыға көтере алған мемлекеттер – небәрі 34.
«Бір жағынан, Қазақстан ЖІӨ-нің тұрақты өсімі, қаржы жүйесінің орнықтылығы және ортадан жоғары табыс деңгейіне ие ел ретінде (2006 жылдан бастап) көрініп отыр. Бірақ екінші жағынан, бұл елге орта табыс тұзағына түскен мемлекеттерге тән белгілер бар: шикізатқа тәуелділік, экономикадағы әртараптандырудың әлсіздігі, еңбек өнімділігінің тоқырауы және жоғары технологиялық салалар дамуының баяулығы», – дейді Санжар Қалдаров.
Сарапшының айтуынша, басты мәселе – байымай қойғанымыз емес, ескі өсу модельдеріне арқа сүйеуді жалғастырып отырғанымызда. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Қазақстан экономикасы шикізат экспорты, инфрақұрылымға инвестициялар және нарықтық реформалар арқылы өсті. Алайда соңғы 10–15 жылда ЖІӨ өсімінің қарқыны бәсеңдеп, шикізаттық табысқа тәуелділік сақталып отыр.
Шикізатқа тәуелділік және технологиялық дамудың төмендігі
– 2024 жылғы деректерге сәйкес, экспорттық табыстың шамамен 83%-ы шикізатқа тиесілі;
– Өндіріс саласындағы өңдеу деңгейі мен қосылған құн көлемі төмен деңгейде қалып отыр;
– Соңғы 15 жылда еңбек өнімділігінің өсімі өте баяу;
– Шикізат секторы мен өңдеу өнеркәсібі арасындағы алшақтық артып барады;
– Ғылыми зерттеулер мен инновацияларға салынатын инвестиция ЖІӨ-нің небәрі 0,2%-ын құрайды (ОЭСР елдерінде бұл көрсеткіш – 3%);
– Жоғары технологиялы экспорт тауарларының көлемі артып отырған жоқ;
– Бизнестің инновациялық белсенділігі төмен күйінен көтерілер емес.
Экономиканың басқа да әлсіз тұстары:
– Мемлекеттің экономикадағы үлесі әлі де жоғары;
– Экономиканы қаржыландырудағы көптеген жеңілдіктер нарық заңдылықтарын бұрмалап отыр;
– Адами капитал толық пайдаланылмайды: жоғары білімді мамандар көп, бірақ олардың білімі еңбек нарығындағы сұраныса сай келмейді.
Шешімі қандай? Инвестиция, инновация және инклюзивтік өсім
Бүкіләлемдік банк орта табыс тұзағынан шығу үшін үш бағытқа назар аударуды ұсынады: инвестиция, инновация және инклюзивтік даму. Қазақстан үшін осы реформалар қажет деген сөз.
Сарапшының пікірінше, мемлекет тек экономика салаларын бақылап қана қоймай, ақылмен инфрақұрылымға, жеке бизнесті қолдауға, жоғары технологияларға, ғылымға және адами капиталға инвестиция салуы тиіс.
Санжар Қалдаровтың пікірінше, Қазақстан дамудың жаңа сатысына көшуі үшін мынадай қадамдар қажет:
- Мемлекеттің экономикадағы рөлін азайту;
Тарифтік саясатты либералдандыру;
Бюджет қаражатын ашық әрі тиімді пайдалану;
Нарықтық бәсекені және бизнесті әділ реттеуді дамыту.
«Аймақтық және әлеуметтік теңсіздіктерді қысқарту, шағын және орта бизнестің ресурстарға қолжетімділігін кеңейту, әкімшілік рәсімдерді жеңілдету және кәсіпкерлік белсенділікке кедергілерді жою қажет. Бұл инклюзивті әрі орнықты өсімге негіз болады және орта табыс тұзағы әсерін еңсеруге мүмкіндік береді», – дейді Қалдаров.
Негізгі мәселе – орта табыс тұзағы емес, ресурсқа тәуелділік
Halyk Finance сарапшысы Қазақстанның шынайы проблемасы «орта табыс тұзағы» емес, одан да күрделі құбылыс – «ресурсқа тәуелділік» екенін атап өтті.
«Қазақстан орта табыс тұзағына емес, ресурстық тәуелділікке ұшырауда. Табиғи ресурстардың молдығы шикізаттық емес сектордың әлсіз дамуына әкеліп отыр. Бұл феноменнің негізгі белгісі – мемлекеттің экономиканы әртараптандыруға және жеке бизнесті дамытуға жеткілікті ынта білдірмеуі. Шикізаттан түсетін табыс әл-ауқат деңгейін сақтап отыруға мүмкіндік береді, сондықтан құрылымдық реформалар қажет деп саналмайды», – дейді Қалдаров.
Алайда Қазақстанның табиғи байлықтары шексіз емес. Мұнай мен уран бұрынғыдай табыс әкелмей бастады. Иә, еліміздің жер қойнауында сирек кездесетін пайдалы қазбалар көп, бірақ оларға ғана арқа сүйеп отыра беруге болмайды.
Енді Қазақстан көпжылдық «ресурстық қарғысты» еңсеріп, алыс болашақты көздейтін жаңа экономикалық модель құруы керек.
Жаңалықтар
- Иранда барлау қызметінің басшысы Маджид Хадеми көз жұмды
- Ақмола облысында бөгет жарылды: Қазіргі жағдай қалай?
- Атырауда 2-сынып оқушысын көлік қағып өлтірді
- Астанада Танагөз Толқынқызына қатысты тексеру аяқталды
- Алматы облысында 14 және 17 жастағы жасөспірімдер үй ұрлығымен айналысқан
- АҚШ пен Иран 45 күндік бітімге келуі мүмкін
- Әлкей Марғұлан: Мұрағат пен дала арасындағы ғалым
- Қазақстанда қандай кітаптарды сақтау қылмыс саналады?
- Прокуратура Жақсылық Омарға шыққан үкімге пікір білдірді
- Дағыстанды су басты: Тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілуде
- Қарағанды облысында ішінде 50 адамы бар автобус аударылды
- Ақмола облысында бөгет жарылды
- Армения Ресей газ бағасын көтерсе, ҰҚШҰ мен ЕАЭО-дан шығатынын мәлімдеді
- Түркістан облысында бірнеше күн іздестірілген суға батып кеткен қыздың денесі табылды
- Иран Ормуз бұғазы арқылы кейбір кемелердің өтуіне рұқсат берді
- АҚШ-та ирандық генерал-майор Сүлейманидің туысы ұсталды
- Алматыда жеке клиникада сүндетке отырған бала ауруханаға түсті
- Иран Кувейт, Бахрейн және БАӘ-дегі АҚШ-тың әскери нысандарына шабуыл жасады
- Қазақстан мен Қытай шекарасында бірнеше өткізу пункті жабылды
- Қазақстан жолдарында лазерлік жарықтандыру болады