Қазақстан Катармен әскери ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюға ниетті

cover

Қазақстан Катармен әскери ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюға ниетті, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.

«Қосымша беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Катар Мемлекеті Үкіметі арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісім жобасы мақұлдансын» делінген Қазақстан Үкіметі қаулысының жобасында.

Құжатқа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 12-13 қазандағы Катар Әмірі шейх Тамим бен Хамад әл-Танидің Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша өкімі негіз болды. 

Осы келісім аясында тараптар келесі бағыттар бойынша ынтымақтасады:

·         әскери білім беру және әскери кадрларды даярлау; 

·         әскери медицина; 

·         әскери ғылым; 

·         әскери саладағы мәдени және спорттық іс-шаралар;

·         бітімгершілік операцияларға қатысты мәселелер бойынша кеңес беру; 

·         жауынгерлік дайындық.

«Тараптар өзара келісілген ынтымақтастықтың басқа да бағыттарын қарастырады»  делінген келісім жобасында.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар