Қазақстан халқының қаржылық қызмет тұтынушысы ретіндегі құқықтары қорғалған ба?
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев мәлімет берді.
2023 жылы Агенттік өмірлік қиын жағдайларға тап болған азаматтардың кредиттері бойынша берешекті реттеуді қамтитын қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін дамытуға, сондай-ақ алаяқтардың әлеуметтік инженерия тәсілдері мен әдістерін қолдануы нәтижесінде ақшалай қаражаттың ұрлану тәуекелдерін барынша азайтуға бағытталған шараларды кезең-кезеңімен қабылдап келеді. Бұл тақырыптар азаматтардың Агенттікке жүгінуі кезіндегі өзекті тақырыптардың бірі болып табылады.
2023 жылдың 10 айында Агенттікке азаматтардан 49,8 мың жолданым келіп түсті.Азаматтар мен ұйымдар жолданымдарыныңнегізгі үлесі банк секторына тиесілі, ол 55% немесе 27,1 мың өтінішті құрайды. Микроқаржыұйымдарының қызметі мәселелері бойынша - 27% немесе 13,6 мың өтініш, сақтандыру нарығы субъектілеріне – 2% немесе 1,2 мың өтініш, қаржы нарығының өзге де субъектілеріне – 16% немесе7, 9 мың өтініш.
«Анықталған бұзушылықтар бойынша қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың шеңберінде 2023 жылдың басынан бері қаржы ұйымдарына қатысты жалпы сомасы 162,6 млн теңгеге 153 шара мен 130 әкімшілік жаза қолданылды»,- деп келтіреді статистиканы Александр Терентьев.
Халықтың кредиттері бойынша мерзімі өткен берешекті реттеудің бірыңғай тәртібі туралы заңнамалық норманың шеңберінде банктер 523,4 мың қарыз алушының қарыздарын, 590,3 мың қарыз алушының микрокредиттерін қайта құрылымдады.
Кредиттерін өтеуде қиындыққа тап болған қарыз алушылардың проблемаларын шешу үшін депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына түзетулерге бастама жасады. Заңның негізгі бағыттары:
- кешіктіру мерзімінің ең аз мерзімін 24 ай мөлшерінде енгізу, осы мерзімнің ішінде банктер мен МҚҰ жеке тұлғалардың проблемалық берешегін реттеу жөніндегі рәсімді жүргізуге міндетті және осы мерзім өткеннен кейін ғана мұндай кредиттерді коллекторлық агенттіктерге беруге құқылы болады;
- есептелген айыпақыны, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару жолымен реттеу шеңберінде қарыз алушының борыш жүктемесін азайтуды қамтамасыз ету;
- өздері сатып алған азаматтардың кредиттері бойынша коллекторлардың мерзімі өткен берешекті реттеу рәсімін өткізу міндетін енгізу.
Тұтынушылар мен қаржы ұйымдарының арасында туындаған дауларды шешу тетігін жетілдіру үшін Агенттік азаматтардың барлық кредиті бойынша дауларды қарау туралы норманы енгізу арқылы банк омбудсманыинститутының өкілеттіктерін кеңейтуді ұсынады.
«Қазіргі кезде банк омбудсманы ипотекалық қарыздар мен коллекторлық агенттіктерге берілген қарыздар бойынша өтініштерді ғана қарайды. Норма енгізілгеннен кейін ол қарайтын мәселелер аясына кредиторлардың банк омбудсманының шешімдерін орындау міндеті белгілене отырып, тұтынушылық банктік қарыздар мен микрокредиттер енгізілетін болады», - деді қаржы реттеушісінің өкілі.
Әлеуметтік инженерияның түрлі тәсілдері мен әдістерін қолдану нәтижесінде алаяқтардың ақша қаражатын ұрлауы – азаматтардың Агенттікке жүгінуінің тағы бір тақырыбы болып табылады. 2022-2023 жылдары банктерде 14,6 млрд теңге сомаға алаяқтық тәсілмен ресімделген 7 759кредит берілген. Бұл ретте мұндай кредиттердің 82%-ын азаматтар алаяқтардың ықпалымен банктердің мобильді қосымшалары арқылы ресімдеген. 2022 жылдан бастап банктер 111,9 млн теңге сомаға алаяқтық кредиттерді есептен шығарды. Клиенттердің карточкалық және депозиттік шоттарынан 6,1 млрд теңге заңсыз алынған, банктер азаматтарға 343 млн теңге сомада өтемақы төледі.
Қаржы ұйымдары клиенттерінің құқықтарын қорғау үшін Агенттік азаматтардың кредиттер алудан ерікті түрде бас тартуын енгізуді, келтірілген зиянды өтеу бойынша қаржы ұйымының жауапкершілігін заңнамалық деңгейде енгізуді немесе ақпараттық қауіпсіздік рәсімдерін бұза отырып жүргізілген алаяқтық операциялар бойынша клиентке қойылатын талаптарды тоқтатуды және т.б. көздейтін түзетулер әзірледі.
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың өтініштері негізінде Агенттік халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру үшін ақпараттық, түсіндіру және білім беру жұмысының векторын қалыптастырады. Халыққа қаржылық қызметтер мен өнімдер және оларды дұрыс пайдалану туралы ақпарат беру мақсатында 2020 жылдан бастап Fingramota.kz интернет-порталы жұмыс істейді.
Интернет-портал іске қосылған сәттен бастап порталға бірегей кірушілер саны 1,04 млн адамға жетті.
Агенттік Fingramota Online мобильді қосымшасын және Агенттіктің сall-орталығын іске қосты, олар арқылы 52 мың азаматқа кеңес берілді.
«Халықтың қаржылық сауаттылығын арттырудың маңызды құралының бірі білім беру іс-шарлары болып табылады, мұндай шараларды Агенттік аудиторияның географиялық, әлеуметтік- демографиялық және жас ерекшеліктерін ескере отырып, барлық нысаналы топтар үшін қаржы ұйымдары мен мемлекеттік органдармен бірлесіп өткізеді», - деп атап өтті Александр Терентьев.
2023 жылы 20 мыңнан астам тыңдаушыларды қамти отырып, 337 білім беру іс-шаралары өткізілді, оның ішінде 3,4 мың жалпы білім беру мектептері мен лицейлердің оқушылары, 7 мың – колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушылары, 7,4 мың азаматтардың ересек санаттарына арналған. Шалғай елді мекендердегі тұтынушыларды қамту үшін 2,2 мың азаматқа 60көшпелі тренингтер ұйымдастырылды.
Нәтижесінде қазақстандықтардың қаржылық сауаттылығы 2023 жылы 40,5%-ды құрады (2022 ж. – 40,3%; 2021 ж. – 39,52%; 2020 ж. – 39,07%). Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) зерттеу жұмыстарының екінші фазасының деректеріне сәйкес 2021 жылы ТМД бойынша қаржылық сауаттылықтың орташа көрсеткіші 55,8%-ға тең. Қазақстан алдыңғы үш көшбасшының қатарына енді – 59,6%. Ең жоғары көрсеткішке Беларусь (61,4%) қол жеткізді. Соңғы орында Әзірбайжан (45,9%). Тұтастай алғанда, 8 елдің 4-де ортадан төмен көрсеткіштер тіркелген.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы тағы бір маңызды бағыт қаржылық инклюзия болып табылады. 2023 жылы Агенттіктің бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті «Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызметтер ұсыну бойынша қаржы ұйымдарына қойылатын талаптар» Ұлттық стандартты бекітті. Аталған құжат мүгедектігі бар адамдардың жеке санаттары үшін қаржы ұйымдарының бөлімшелері мен филиалдарының нақты қол жетімділігіне, ақпараттық ресурстарды - сайттар мен мобильдік қосымшаларды бейімдеуге қойылатын талаптарды айқындайды, сондай-ақ қаржы ұйымдары қызметкерлерінің мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарымен өзара іс-әрекеттесу тетігін айқындайды.
Жаңалықтар
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды