«Қазақстан бюджетіне ауырлық түсетін болды»: Мұнай бағасы төмендеді

cover Коллаж Orda.kz

4 қыркүйек күні әлемдік нарықта мұнай бағасы 4%-ға төмендеді. Бұл Қазақстан экономикасына қатты әсер етуі мүмкін.

Orda.kz мәліметінше, мұнай бағасының күрт төмендеуі Ливиядағы саяси қақтығыстың аяқталуына және елдің экспорттық көлемінің екі есе азайғанына байланысты болып отыр.

Reuters хабарлағандай, Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 4,9%-ға төмендеді. Ал келесі сауда сессиясында тағы 0,5%-ға құлдырады. Мұнай бағасының құлдырауы осы жылдағы ең төменгі деңгейге жетті (73 доллар 38 цент бір баррель үшін). Бұл соңғы рет 2023 жылдың желтоқсанында байқалған. Құнсыздануға Қытай мен АҚШ экономикасының нашар көрсеткіштері де әсер етті. Қытайда мұнай өнімдерінің өндірісі жартыжылдық минимумға дейін төмендесе, АҚШ-та шикі мұнай мен бензин қорлары азаймақ. Ливияның ұлттық мұнай корпорациясы 2 қыркүйекте форс-мажор жариялап, мұнай экспорты тоқтады. Алайда, саяси қақтығыстың аяқталуы мен әлемдегі екі негізгі мұнай тұтынушының, АҚШ пен Қытайдың экономикалық әлсіздігі, мұнай бағасының күрт төмендеуіне алып келді.

Қазақстан үшін мұнай бағасының күрт төмендеуі оң нәтиже бермейді. Halyk Finance аналитиктерінің соңғы шолуына сәйкес, мұнай-газ секторі елдің ЖІӨ-нің 20%-ын, экспорттың жартысынан көбін және үкімет кірістерінің 30%-ын қамтамасыз етеді. Әлемдік мұнай бағасының құлдырауы мен өндірістің төмендеуі бюджет кірістерінің азаюына алып келеді.

Еске сала кетсек, Orda.kz Қазақстанның мұнай қоры енді қанша жылға жететіні жайлы жазған болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар