Қазақстан бізден бәрін сатып алады: Лукашенко

cover Фото: belta.by

Александр Лукашенко Қазақстандағы жаңа елшіні тағайындады, деп хабарлайды Orda.kz.

Лукашенко Қазақстанмен қатынастарда аймақаралық деңгейдегі ынтымақтастықтың маңызын атап өтті.

«Қазақстан баға мен сапа сай келсе бізден бәрін сатып алады. Әсіресе сапасы жақсы болса. Нарық үшін тек Ресей немесе Беларусь емес, сондай-ақ Батыс пен Қытай Халық Республикасының да бәсекелесіп жатқаны белгілі. Сондықтан біздің жолымыз тек аймақтар арқылы. Қажет болса, нақты адамдармен және жергілікті басшылармен қарым-қатынас орнату керек» деді Александр Лукашенко.

Александр Лукашенко сыртқы саясат ведомствосының басты міндеті – сауда-экономикалық қатынастарды дамыту екенін еске салды: «Егер сауда айналымы бар болса – жақсы. Егер сауда жоқ болса – жұмыс істемейсіздер. Міне, сіздерге қойылатын жалғыз талап».


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар