«Қазақстан билігі үшін ресейлік пропагандистер бүтін әлем екенін білмедім». Прокурор айыптау актісін оқыды
Фото: Instagram / QazNews24
Бүгін, 9 сәуір күні Темірлан Еңсебектің сот отырысы өтіп, прокурор айыптау актісін оқып шықты , деп хабарлайды Orda.kz.
Прокурор айыптау актісінде Темірлан Еңсебек Qaznews24 парақшасының авторы ретінде 2024 жылы 21 қаңтарда «Орыс азаматтарының ар-намысын қорлау мақсатында», «қазақстандық рэперлер Канделакиге арналған трек жазды» деген тақырыпта жазба жариялағаны айтылған.
Темірлан Еңсебек айыптау актісімен келіспеді.
«Айыптау актісінде менің адамзатқа қарсы қылмыс жасағаным туралы жазылған. Мен Қазақстан билігі үшін ресейлік пропагандистер тұтас әлем және адамзат екенін білген жоқпын. Не істеп қойдым?» деді Еңсебек сотта.
Судья сотта тараптарға кінәні мойындау жазаны жұмсартуы мүмкін екенін еске салып, одан «Кінәңізді мойындайсыз ба?» деп сұрады. Еңсебек кінәні мойындамады.
Еске сала кетейік, Темірлан Енсебекке қатысты алғашқы сот отырысы 27 ақпан күні Алматының Алмалы аудандық сотында басталды. Алайда сот отырысы кенеттен Наурызбай аудандық сотына ауысты. Бүгін өткен Темірлан Еңсебектің сот отырысы жанжалмен басталды.
Жаңалықтар
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты