Қазақстан Беларуське сыртқы саясатын объективті бағалауды ұсынды

cover Фото: Сыртқы істер министрлігі

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Беларусьті елдің сыртқы саясатын объективті бағалауға шақырды.

Бұл туралы ҚР сыртқы істер министрлігі хабарлады.

«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен Беларусь Республикасының елшісі Павел Утюпиннің кездесуі барысында қазақ-беларусь ынтымақтастығының екіжақты деңгейде де, көпжақты ұйымдар аясында да өзекті мәселелері талқыланды»,  деп мәлімдеді сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Министр Қазақстанның БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқықтың негізгі нормаларына сәйкес теңгерімді және бейбіт сыртқы саясат жүргізіп жатқанын атап өтті. Нұртілеу Мұрат мемлекеттер арасындағы келіспеушіліктерді саяси-дипломатиялық жолмен шешу әрекеттерінің тиімділігін де атап өтті. Осыған байланысты ол Минскіні Астананың қазіргі жағдайларға қатысты ұстанымын объективті бағалауға шақырды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар