Қазақстан баспасөз бостандығы рейтингінде Африка елдерінен төмен
Фото: Ашық дереккөзден
«Шекарасыз репортер» халықаралық үкіметтік емес ұйымы жыл сайын шығаратын баспасөз бостандығы рейтингінде еліміз сегіз орын төменге түсті. Егер 2023 жылы республика бұл тізімде мүмкін болатын 180 орынның ішінде 134-ші орынды иеленсе, 2024 жылы ол 142-ші орынға түсті, Orda.kz порталы.
Жаңартылған баспасөз бостандығы рейтингінде Қазақстан Эфиопия мен Ливия арасында орналасқан – Руанда, Сомали және Гондурас сияқты мемлекеттерден сәл жоғары. Баспасөз бостандығы жағынан республика Африканың бірқатар елдерінен, соның ішінде Оңтүстік Судан, Камерун және Угандадан да төмен.
«Шекарасыз репортерлар» қазақстандық интернет басылымдардағы жаңалықтар сапасының артып келе жатқанын көрсетеді. Алайда билік тәуелсіз БАҚ аман қалған жалғыз кеңістік – интернетке бақылауды күшейтіп жатыр.
«Билік БАҚ-тың 2022 жылдың қаңтарында үкіметке қарсы бұрын-соңды болмаған наразылықтар сияқты маңызды оқиғаларды жариялауына жол бермеу үшін қамауға алу, шабуылдар, хабар таратуды өшіру және интернетті шектеу сияқты барлық қолжетімді құралдарды қолдануда. Ақпаратқа қолжетімділік шектеулі, үкіметтік брифингтерінде журналистердің сұрақтары цензурадан өтеді. Мемлекет өз үгіт-насихаттарын тарату үшін жеке БАҚ-қа ақша төлейді, мемлекеттік және үкіметтік басылымдарда бас редакторлардың тағайындалуын қадағалайды, ал Ақпарат министрлігі БАҚ кеңістігін реттеуші қызметін атқарады» делінген «Шекарасыз репортер» баяндамасында.
Сонымен қатар, баяндама авторлары атап өткендей, қазақстандықтар блогерлер мен әлеуметтік желілердегі анонимді жазбаларға ықыласпен сенетініне қарамастан, қоғам журналистикаға күдікпен қарайды. Журналистер жиі сыбайлас жемқорлықпен айыпталады, ал мемлекеттік органдар журналистердің жұмыс істеуіне жиі кедергі жасайды (соның ішінде заңнаманы нашар білуіне байланысты). Кейбір БАҚ ауқымды кибершабуылдардан зардап шекті, ал жекелеген журналистер әлеуметтік желілерде қудалауға ұшырап, цифрлық тыңшылықтың құрбанына айналып жатыр.
Жаңалықтар
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу
- Дубайдан шығамыз дегендерге 1000 долларлық «қақпан»: Алаяқтар туристерді алдап жатыр
- Мексикалық наркобарон соңғы сапарына алтын табытпен аттанды
- Түркістан облысында бойжеткен айналдырған 15 минутта көлігімен екі бірдей оқушыны басып кетті
- Ақтөбеде жанармай құю бекетінде жарылыс болды
- Жаңа заң: Сталкер деген кім және ол қалай жазаланады?
- Тоқаев мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарын ауыстырды
- Bulgaria Open-2026: Спортшыларымыз елге 11 медаль әкелді
- 3 және 4 наурыз күндері Сауд Арабиясынан Қазақстанға алғашқы эвакуациялық рейстер болады
- Сыртқы істер министрлігі Иран халқына көңіл айтты
- Нетаньяхудың тағдыры әзірге белгісіз: Ислам революциясы сақшылар корпусы таратқан мәлімдемелер шындыққа жанаспай жатыр
- Қазақстан халқының саны кезекті межеден асты