Қазақстан азаматтығынан бас тартқан чемпионның ісіне министрлік пікір білдірді

cover Фото: Olimpic.kz

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Рио-де-Жанейродағы олимпиада ойындарында қола жүлде алған дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэгтің Қазақстан азаматтығынан бас тартуы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Orda.kz. 

Министр Галбадрах Отгонцэг өзінің келісімшартын жасап, үйіне оралу туралы шешім қабылдағанын түсіндірді.

"Ол әлем чемпионы, олимпиада ойындарының қатысушысы. Қазіргі уақытта біз федерациямен сөйлесіп жатырмыз. Ол азаматтығынан бас тартқан жоқ, ол өзінің келісімшартын пысықтады. Сонымен қатар ол жүлде иеленгеннен кейін, төрт жыл кеңесші болып жұмыс істеді. Содан кейін барып отбасына оралуға шешім қабылдады», - деп түсіндірді министр.

Галбадрах Отгонцэцэг 2015 жылы Қазақстан азаматтығын алып, ұлттық құрамада 5 жылдай өнер көрсетті. Нәтижесінде Риода өткен 2016 жылғы олимпиадада қола жүлдегері, сондай-ақ әлем чемпионатының 2017, 2018 жылғы қола жүлдегері және Азия чемпионатының 2016 жылғы жеңімпазы болды.

Бұған дейін спортшының Қазақстан азаматтығынан бас тартқаны туралы хабарлаған едік. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар