Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттырды
Сурет: Егемен Қазақстан
Алты айда ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5%-ға (2,6 млрд доллардан 2,7 млрд долларға дейін) өсті.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша, биыл бірінші жартыжылдықта өсімдік шаруашылығы өнімдерінің экспорты 1,56 млрд долларды құрады, бұл өткен жылдың 6 айымен салыстырғанда (1,49 млрд доллар) 4,7%-ға артық. Бұл ретте мал шаруашылығы өнімдерінің экспорты 80 млн долларды құрады, бұл өткен жылдың 6 айымен салыстырғанда (67,8 млн доллар) 18%-ға жоғары.
Бірінші жартыжылдықта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 1,1 млрд долларды құрады, бұл 2022 жылдың 6 айымен салыстырғанда (1 млрд доллар) 5%-ға артық. Көрсетілген кезеңде ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының жалпы көлеміндегі қайта өңдеу өнімдерінің үлесі 40,1%-ды құрады.
Айтпақшы, сыртқы нарыққа жеткізілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің бестігіне бидай, ұн, күнбағыс майы, зығыр тұқымы және арпа кіреді.
Жаңалықтар
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр