Қазақмыс: Сәтбаевтағы қарайған қарға ескірген техниканың қатысы жоқ

cover

Басқарма жыл сайын кәсіпорында ағымдағы жөндеу жұмыстары жылу беру маусымына дайындық қарсаңында жүргізілетінін мәлімдеді.  

Мамандар ыстық су және бу қазандықтарынан қара будың шығуы мүмкін емес екендігін, жүйе уақтылы тексеріліп тұратынын айтады. Компания Сәтбаевтағы қардың қарайып кетуіне жел себеп болуы мүмкін деп отыр.

 

«2024 жылдың 31 қаңтарында «Kazakhmys Distribution» ЖШС-нің (Қазақмыс Дистрибьюшн) ашық қоймасында жоспарлы көмір түсіру жұмыстары жүргізілді. Оңтүстік-батыстан соққан екпіні 20-25 м/с болатын күшті жел салдарынан көмір шаңы Сәтбаев қаласының тұрғын алаптарына түскен. Бұл табиғи форс-мажор, оның тазарту қондырғысы жұмысына еш қатысы жоқ. Ауаға лас қалдықтар шығармайтын құрылғылар әдеттегідей жұмыс істеуде» деп түсіндірді Қазақмыс баспасөз қызметі. 

Сәтбаев қаласы аумағында орналасқан №1 жылу станциясы қаланы және оған жақын орналасқан өндірістік нысандарды жылу энергиясымен және ыстық сумен қамтамасыз етеді.

Олардың айтуынша,  оның үш түрлі шығарынды көзі бар:

1. Түтін шығатын труба орнатылған ПТВП-100 су жылыту қазандықтарында құрылғылар бар, ондағы тазарту коэффициенті 98,5-99%.

2. ДКВР 10/13 бу қазандарының мұржасы бар, ондағы зиянды шығарындылар  қондырғылары 80-92% тазалау коэффициентімен өнімділігі 26000 м3/сағ жұмыс істейді.

3. Жобалық шешімге сәйкес жасалған ашық көмір қоймасы бар.

Бұған дейін Сәтбаев қаласы тұрғындарын аппақ қардың бетін шапқан қара тозаң шошытқан болатын. Олар қалада қар түскеннен кейін көшеге шығу мүмкін болмай қалды дейді. Үйлердің, ағаштардың, жолдардың шатырлары қара жабын жамылған. Айналадағы күйе киім мен қолға да жұғатын көрінеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар