«Қазақмыс» корпорациясы бірден 12 кеніш пен 4 фабриканың жұмысын тоқтатады
Фото: Pexels.com
«Қазақмыс» корпорациясы қауіпсіздік шараларын кешенді тексеру үшін бірден 12 кеніш пен 4 фабриканың жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды Orda.kz.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау шараларын күшейту үшін компания басшылығы тәуекел деңгейі жоғары өндірістік орындарды тоқтата тұру туралы шешім қабылдады.
«Кәсіпорындардың жұмысын тоқтату бекітілген кестеге сай, кезекпен жүргізіледі», - деді ЖШС ресми өкілі Арман Тілеукенов.
Компания жұмысты тоқтатудың төмендегі кестесін ұсынды:
20 наурыздан бастап- Шығыс Жезқазған, Абыз, Саяқ, Қоңырат кеніштері, Нұрқазған, Қарағайлы, Балқаш байыту фабрикасы, құрылыс-монтаждау басқармасы, энерго-жөндеу мамандандырылған басқармасы;
21 наурыздан бастап- Оңтүстік Жезқазған, Ақбастау, Хаджиконған, Шатыркөл, Жайсаң кеніштері;
22 наурыздан бастап-Батыс Жезқазған кеніші;
23 наурыздан бастап - Жыланды кеніші;
24 наурыздан бастап - Жезқазған байыту фабрикасы.
Сонымен қатар бұрын тоқтатылған Жомарт кенішінде тексеру жұмыстары жалғасуда. Комапания шахтадағы жұмыс тоқтағанымен, жұмысшылар жалақысын толық алатынын айтты.
Жаңалықтар
- Күдікті әйелі мен енесі: Алматы облысында жеті баланың әкесіне 30-дан астам пышақ жарақатын салған
- Шымкентте полицейді ұрған жасөспірім түрмеден бір-ақ шықты
- Жидда мен Дубайдан арнайы рейстермен елге тағы 506 адам қайтарылады
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды