Қазақ қызы Антарктиданың мұзды суын алғашқылардың бірі болып жүзіп өтті
Фото: Instagram / Әнел Сытдықова
Әнел Сытдықова «Қазақстанның Темірдей ханымы» ретінде танымал болып, жаңа рекорд орнатып, Антарктида суын алғаш рет жүзген қазақстандық әйел атанды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ол өзінің Instagram парақшасында айсбергтер мен пингвиндер ортасында суық суда және қатты желде жүзу оның мансабындағы ең суық әрі қиын жаттығу болғаны жайлы жазба жариялады.
«Біз 10 қарашада Дрейк бұғазы арқылы екі күн жүзіп Антарктидаға келдік. Біздің топта ЮАР, АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Венгрия, Малайзия, Австралия және Қазақстаннан 13 жүзуші мен бір дәрігер болды. Біздің қатарымызда Ice Seven титулына ие әлемдегі үш адамның бірі Кейт Стилс пен Oceans Seven титулының иегері Линтон Мортенсен сияқты атышулы әрі мықты жүзгіштер болды», — деді Әнел Сытдықова.
Оның айтуынша, 10 күндік Антарктидадағы сапар кезінде қиындықтарға да тап болған.
«Антарктидада сен тек ол мүмкіндік бергенше жүзесің, жоспарланған қашықтық пен жылдамдыққа қарамастан солай. Мен үшін бұл ең суық ауа-райында жүзу болды. Судың температурасы минус 1,4 градус және желдің жылдамдығы 35 шқ/сағат. Айсбергтер мен пингвиндер арасында жүздік. Осыдан таңғажайып тәжірибе мен әсер алдық», — деді ол.
Жаңалықтар
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр