«Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС директоры жемқорлыққа күдікті

cover Фото: Pexels

«Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС директоры жемқорлыққа күдікті.

Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Ол аукцион өткізбестен заңсыз сату арқылы кәсіпорынның мүлкін аса ірі мөлшерде жымқырды деген күдікке ілінді. 

Залал сомасы 65 млн теңгеден асады. 

Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды. 

Тергеу жалғасуда.  

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар