Қаза тапқандар бар: Камчаткада жоғалған туристер табылды

cover Фото: freepik.com

Камчаткада құтқарушылар жоғалған туристер тобын тапты. 5 туристі үсік шалған, ал екеуінің денесі табылды, деп хабарлайды Orda.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап. 

Бұл туралы өңірдің төтенше жағдайлар министрі Сергей Лебедев мәлімдеді. 

«Жаман жаңалығым бар. Өңірдегі туристік компаниялардың бірінің жетекшісінен алынған алдын ала ақпаратқа сәйкес, жоғалған топ табылды. Өкінішке қарай, туристер арасында қаза тапқандар бар екені хабарланды», — деді Лебедев.

Жедел қызметтердің мәліметінше, 7 турист табылды. Олардың екеуі қаза тапқан. Қалған бесеуінде қатты үсік шалу белгілері бар. Камчатка үкіметінің хабарлауынша, оқиға орнына тікұшақ жіберілген.

Санкт-Петербург пен Череповецтен шыққан жеті турист 7 сәуірден бері байланысқа шықпаған. ТЖМ мәліметінше, олар тәжірибелі шаңғышылар болған, қысқы жорықтарға қатысқан, бірақ өздерімен бірге шатыр мен спутник телефондарын алмаған.

Топ жорыққа 28 наурызда шыққан. 3 сәуірде туристер арасында жанжал туындап, екі адам Семеновский аймағында қалып қойған. Ал жеті адам қажетті жабдықсыз Авачин асуына қарай жолын жалғастырған.

Жоспар бойынша олар 10 сәуірде оралуы тиіс еді.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар