Қаза болған қазақстандық паралимпиада спортшысына сыйақы төленбеді

cover Фото: ҚХП

Қаза болған спортшы Нышан Өмірәлі Париждегі паралимпиадада алған орны үшін сыйақысын алмады, деп хабарлайды Orda.kz 

Жүлделі орын болмаса да, бұған мемлекет тарапынан төлем болуы тиіс. Алайда Өмірәлінің қазасына дейін де ақша түспеді. Түспеуі де мүмкін.

«Төлемдерден бас тарту болған жоқ. Бұл мәселе қаралуда. Қазіргі уақытта шешілген жоқ»,  деді туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.

Еске сала кетейік, апат 2024 жылғы 1 қазанда, сағат 22:15-те, Батыс Еуропа — Батыс Қытай автожолының 542-ші шақырымында болды.

Нышан Өмірәлі — екі дүркін әлем чемпионы, Токио мен Париждегі Паралимпиада ойындарының қатысушысы.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар