Қауіпсіздігі тексерілмеген Kaspi Alaqan-ға тыйым салынуы мүмкін
Фото: DALL-E нейрожелісі
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшысы Мадина Әбілқасымова Kaspi іске қосқан алақанмен төлеудің жаңа технологиясы әлі қауіпсіздік тексерісінен өтпегенін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Мадина Әбілқасымованың айтуынша, енгізілген жаңа қаржы технологиясы бірінші кезекте қауіпсіз болуы керек.
«Жеке деректердің, атап айтқанда алақаннан алынатын биометрияның сақталуы қалай қамтамасыз етіледі? Алаяқтар осы сәйкестендіру әдісін қолдану үшін жаңа схемалар ойлап таба ма?» деген сұрақтар туындайды», – деді Әбілқасымова.
Ол екі нәрсені атап өтті. Қазақстанда биометрияның эталондық базасы жоқ, дегенмен ол осындай қызметтердің қауіпсіздігіне кепілдік беруі тиіс. Жаңа технологияның қауіпсіздігін алдын-ала тексеру жүргізілмеген. Дегенмен банктер үшін жалпы талаптар белгіленген және егер тексеру барысында бұзушылықтар анықталса, агенттік қаржылық өнімге тыйым сала алады.
«Қаржы өнімдерін әзірлеу кезінде банктер қандай шараларды сақтауы керек екендігі нақты жазылған қаулы бар. Егер біз бұзушылықтарды анықтасақ, мұндай өнімге немесе қызметке тыйым салуға құқығымыз бар», – деді Әбілқасымова.
Айта кетейік, 31 қазанда Orda.kz редакциясының бас редакторы Гүлнәр Бажкенова Kaspi.kz-ке қарсы жалғыз адамдық пикетке шықты.
Жаңалықтар
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды