Қатты қиналған халықты көрмедім — Ермұрат Бәпи

cover Фото: Orda.kz

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи өңірлерді аралау кезінде елдің ауыр жағдайда отырғанын байқамағанын айтты, деп хабарлайды Orda.kz.

Депутат Ермұрат Бәпи журналистерге Шығыс Қазақстан, Семей мен Алматы облыстарына жасаған сапарында қатты қиналып отырған елді байқамағанын айтты.

«Жағдайы мүшкіл бір-екі отбасы болмаса, қатты бір қиындық көріп отырған халықты көрмедім. Әрине, балаларына мектепке киім алып бере алмай жүрген жекелеген отбасылар бар. Оларға көмек көрсетуге тырыстық», – деді Бәпи.

Еске сала кетсек, мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи экстремистік күштердің қоғамға әсері туралы депутаттық сауал жолдаған еді. Ол туға арабтың жазуын жазған қыздарды мысал етіп, оны қоғамды бүлдіруге бағытталған әрекет ретінде қарастыру қажет екенін айтты.

 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар