«Қатаң тосқауыл қойылады»: Тоқаев тіл мәселесіне нүкте қойды
Фото: Акорда
Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезінде тіл мәселесін көтерді, деп хабарлайды Orda.kz.
Мемлекет басшысы қазіргі әлемде өте қауіпті жағымсыз үрдістер белең алып жатқанын атап өтті. Кейбір саясаткерлер мен сарапшылар бұл жағдайды тіпті «өркениеттік дағдарыс» деп бағалап отыр. Осы орайда Тоқаев Редьярд Киплингтің «Батыстың аты – Батыс, Шығыстың аты – Шығыс. Олар ешқашан бір арнада тоғыспайды» деген сөзін еске салды.
«Бірқатар ірі мемлекетте болған кейінгі оқиғаларды шолып өтсек, мұндай ұйғарым дұрыс көрінуі мүмкін. Бірақ саяси факторды ешқашан естен шығаруға болмайды. Басқаша айтқанда, басқарушы биліктің мемлекеттік құрылым туралы тұжырымы мен тәжірибесін қаперде ұстаған жөн. Олар жүргізетін саясаттың бейбіт диалогты қолдау, мәдениеттердің, түрлі дін мен дүниетанымның ықпалдастығы тұрғысынан әрдайым орынды әрі конструктивті бола бермейтінін көріп отырмыз», – деді президент.
Тоқаевтың айтуынша, ультраұлтшылдық пен патриотизмнің бір-бірімен араласу үрдісі ерекше алаңдаушылық туғызады.
«Әсіреұлтшылдық пен жалған патриотизмнің күн санап белең алуы алаңдатпай қоймайды. Қалыптасқан түсініктердің көз алдымызда өзгеруі жастарды адастырады. Бір жағынан біз құқықтық консервативті және либералды идеологиялардың қақтығысына куәміз», – деді Тоқаев.
Президент Қазақстанда әлемдік деңгейдегі мәселелерге ерекше мән берілетінін, олардың елдің ішкі саясатында орталық орында екенін айтты. Осы тұрғыда Тоқаев тіл мәселесіне де тоқталды.
«Бірлігіміз – әралуандықта деген ұстанымға зиян келтіріп, оған күйе жаққысы келетін, соның ішінде мемлекеттік қызметте және қоғамдық орында елімізді тұрақты мекен ететін халықтардың тілін еркін қолдануға қарсы әрекеттерге қатаң тосқауыл қойылады. Оған «Заң және тәртіп» қағидатына сай құқықтық баға беріледі», – деді президент.
Айта кетейік, бүгін съезде Тоқаев Ресей патриархы Кириллді «Алтын Қыран» орденімен марапаттады.
Жаңалықтар
- Қарағандыда әйел мен оның қызын өлтірді деген күдікті өлі табылды
- Бишімбаев ісін қараған судья Сәния Әлімжанованың өлімі бойынша сот үкімін шығармай, тергеуді қайта бастады
- Өзен тасыды: Қазақстан Ресеймен шекарадағы өткізу бекетін уақытша жапты
- Алматыдағы резонанс: жол апатынан кейін қай шенділер қызметінен кетті?
- Пәкістан мен Ауғанстан шекарасында қақтығыстар қайта басталды
- Ресейде төбелескен қазақстандықтар жазалана ма?
- Шавкат Рахмоновтың әйелі 5 жылға сотталды: Жазаны өтеу кейінге қалды
- Тоқаев: альпинизм мен заманауи тау туризмі жан-жақты дәріптеледі
- Перизат Қайраттың түрмедегі жағдайы қалай?
- Перизат Қайраттың көлігі сатылымға шығарылды
- Түркістан облысында қорланды деген 6 жасар қыздың анасы әділдік іздейді
- Перуашев ұсталған журналист Ботагөз Омарованы қолдауға дайын екенін айтты
- Батыс медиасы АҚШ құрлық операциясын бастайтынын жазып жатыр. Трамп неге соққыны кейінге қалдырды?
- Депутат Әбенов: Көшеде жарысатын жүргізушілердің жазасын күшейту керек
- Наурыз ҰБТ: 179 талапкер ереже бұзған
- Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы заң қабылданды
- ІІМ-ді жаппай тазарту қажет — депутат Бақытжан Базарбек
- Әскерде зорлық көргені туралы жалған ақпарат таратып, жылу жиған жігіт қамауға алынды
- Наурыз мерекесін тойламауға шақырған азамат ұсталды: Қылмыстық іс қозғалды
- Зейнетақы жинағынан шешіп алатын қаражат жеткізер емес