Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі еске алу күніне орай жазба жариялады

cover Тіл кеспек жоқ

Президент саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты жазба жариялады, деп хабарлайды Orda.kz порталы Тіл кеспек жоқ телеграм каналына сілтей отырып.

«Біз жыл сайын 31 мамыр күні өткен ғасырдағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске аламыз. Мемлекетіміз қуғын-сүргіннен жазықсыз жапа шеккен жандарды ақтау, төл тарихымыздың ақтаңдақ беттерін объективті әрі тыңғылықты зерделеу жұмыстарына баса мән беріп отыр» деп жазды ол. 

Қасым-Жомарт Тоқаев қасіретті оқиғалардың тағылымына да тоқталды. 

«Біз өткен замандағы қасіретті оқиғалардан тағылым алып, оны ұлт жадында сақтай білуіміз керек. Сонда ғана кез келген сынақтан сүрінбей өтіп, әділетті мемлекет және өркениетті қоғам құру жолындағы биік белестерді бағындыра аламыз» деп жазды Тоқаев. 

Желіде Қазақстанда осы уақытта да адамдарға қысым бар екені, саяси белсенділерге де репрессия жасалып жатқаны жазылып жатыр. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар